Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді»,- деп атап өтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамда қолайлы жағдай қалыптастыру және олардың денсаулығына жіті көңіл бөлуді тапсырған болатын.
Жолдау жүктеген міндеттер Түркістан қаласында ойдағыдай атқарылуда. Салаға жауапты мамандардың дерегінше Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар.
Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 4237 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.
Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған.
Оның ішінде, 498 азамат протез ортопедиялық құралдар, 153 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 331 адам қамтамасыз етілген.
Одан бөлек, мүгедектігі бар 404 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 98-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.
Жыл басынан бері, 1796 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген.
Автокөлікпен тасымалдауда 189 азамат инватакси, 16 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді.
Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 312 азамат қоларбамен қамтылды.
Айта кетейік, Қазақстанда заң негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар қайта қалыпқа келтіру, қоғамда орын табуға құқылы. Одан бөлек төменде көрсетілген құқықтарға ие:
Ақпаратпен қамтамасыз етілуі
Білім алу, қалауынша мамандық алуы
ҚР заңы негізінде тегін медициналық көмек алуға
Кәсіби дайындық, еңбекке жарамдылық мүмкіндігін қалыпқа келтіру
ҚР заңы негізінде баспанамен қамтамасыз етулі
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет алуы
Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек қарастырылған?
Мемлекеттік жәрдемақы түріндегі төлемдер, өтемақы
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін қосымша төлемдер
Жұмыс берушілер мен басқа да ұйымдар тарапынан берілетін қосымша әлеуметтік көмек