Түркістан қаласында қосалқы станция салынып жатыр

image.png

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандары мен қоса, қаланың «Бекзат», «Бірлік» мөлтек аудандары және жақын маңда орналасқан Сауран ауданының Теке, Нұртас елді мекен тұрғындары, әлеуметтік, шағын бизнес нысандары сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін құрылыс алаңында болып, жұмысшылармен кездесті. Жауапты басшыларға құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Бүгінде қосалқы станцияның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Тура бір жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстарын келер жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Республикалық және облыстық бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаражат қаралған.

– Түркістан  және осындағы индустриалды аймақтар үшін электр қуатының маңызы зор. Қуат көздерін арттыру, сапалы электрмен қамту өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан бұл станцияның құрылыс уақтылы аяқталуы тиіс. Әлі де мұндай жобаларды көбейту жолын қарастырамыз. Өндірісті, кәсіпкерлікті дамытамыз десек қуат көздері мен инфрақұрылым сақадай-сай болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер