Рухани шаһарда балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдауына барлық жағдай жасалған

image.png

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. – Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос­парға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Сондай-ақ өңірлер мен қалаларда көптеген спорт нысандары бой кқтеруде.

Солардың бірі Түркістан қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы. Жақында рухани шаһардағы аталмыш клубтың ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ашылғанына бір жыл толуына орай» қалада алғаш рет үлкен тенистен 8-9, 10,11-14 және 16 жастан асқан ұлдар мен қыздар арасында өтетін Түркістан қалалысының ашық біріншілігі өткізілді. 

Спорттық шараның ашылу салтанатына қаламыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала әкімінің орыбасары Ерлан Бақытжанұлы, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы және қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен қалалық мәслихат депутаттары Ғалымжан Батырханұлы, Жансерік Бауыржанұлы қатысып, спортшылардың ойындарын тамашалады. 

Үлкен тенистен ұлдар мен қыздар арасында өтетін Түркістан қаласының ашық біріншілігіне Республика көлемінде жас спортшылар өзара сынға түсті. Атап өтетеін болсақ, еліміздің түрлі аймақтары Алматы, Қызылорда облыстары мен Тараз, Шымкент сында қалалардан 64 спортшы қатысты.

Сондай-ақ жақында аталған клубтың ұйымдастыруымен тағы бір дүбірлі шара өтті. Ол қысқы қала біріншілігі.Спорттың тоғыз түрін қамтыған сайысқа  8 команда қатысты.  Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру .

Байрақты бәсекеде рухани астана жастары спорттың тоғыз түрінен сынға түсті.Атап айтқанда жастардың ойлау қабілеттін арттыратын ұлттық ойынымыз  тоғызқұмалақ пен шахмат,волейбол мен басктебол,Үстел тенисі мен футбол, гір тасын көтеру мен қол күресі және ерекше атап өтетін жәйт асық атудан да арнайы ойын өтті.Сайып келгенде бұндай жарыстар болашақ ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізері анық,дейді ұйымдастырушылар.

Жарысқа 6 сектор,яғни Отырар, Шауғар, Бекзат, Сауран, Бірлік және Яссы секторы мен Әкімшілік іскерлік орталығының «Жаңа қала» командасы , Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы қатысты. Олар өзара мықтыны анықтап жатыр. Білекті және епті қыз-жігіттер ой санасын сараласа, ала допты ұршықша иірген жастар ойын алаңында кездесіп,бақ сынады. Волейбол өте тартысты өтті. Барлық команда жоғары деңгейде дайындықпен келген,дейді спортшылар.

Спорттың  тоғыз түрін қамтыған байрақты бәсеке желтоқсан айында қорытындыланады. Жалпы командалық есепте және жекелей топ жарған жастар арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады. Спорт болашақ ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға негіз болмақ.

Айта кетейік,  «Түркістан қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт клубында» негізінен, бұқаралық спорт түрлеріне мән беріледі. Атап айтқанда, бүгінде аталған клубта спорттың футбол, баскетбол, «Street bаll», үлкен теннис, Street Workout сынды түрлері бойынша 10 жаттықтырушы жұмыс істейді. Түркістан қалалық спортты дамыту бөлімінің 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасы аясындағы мәліметке сәйкес, жыл басынан бері халықты спорт инфрақұрылымымен қамту, яғни, спорт залдармен және жүзу бассейндері сынды орындармен қамту (1000 адамға шаққанда) жоспардағы 55 пайыздан 8 көрсеткішке артық орындалып, жұмыстарды орындау деңгейі 63,1 пайызға жеткен.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту аясындағы жұмыстарда да оң өзгеріс байқалады. Мұндағы сандарды сөйлететін болсақ, жергілікті жұрттың жүйелі түрде спортпен айналысатындарының қатары қалыңдаған. Бүгінде шаһардағы 184 мың халықтың 61 мыңға жуығы тұрақты түрде спортпен шұғылданады екен. Бұл аталған спортты дамыту бөлімінің осы саланы дамытудағы жоспарлап отырған 32 пайызынан асып түсіп, 33 пайызға жетіп отыр.

Балалар мен жеткіншектердің саладағы үлес салмағы мол. 6-18 жас аралығындағы спортпен айналысатын түркістандықтардың саны 7 мыңға жуықтайды. Жылдық жоспар 16 пайызды құраса, жыл соңына жетпей межелі болжам орындалып қойған.

Түркістан шаһарындағы бұқаралық спортты дамыту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, мақсатында бөлім тарапынан жарыстар ұйымдастырылып жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте, қалалық Адами капиталды дамыту бөлімімен бірлескен жұмыстар істелініп жатыр. Атап айтқанда, мектеп оқушылары, мұғалімдер арасындағы спартакиадалар, жоғары, орта-арнаулы оқу орындарының студенттері, оқытушылары арасында спартакиадалар, құқық қорғау қызметкерлері арасында жарыстар, ҚР атаулы мерекелері қарсаңында дәстүрлі түрде спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілуде.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 221 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 1 спорт сарайы, 3 стадион, 5 спорт кешені, 139 спорт ойын алаңы, 10 теннис корты, 5 жүзу бассейні 59 спорт залы жергілікті бұқараға қызмет етуде. Одан басқа, заманауи үлгідегі жасанды төсенішпен 64 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Оның 31-і кіші футбол алаңы, 16-сы баскетбол алаңы, 7-уі теннис корты, 7-уі «Street Workout» алаңы, 3-уі «Street bаll» алаңы. Қазіргі таңда қалада орналасқан 32 спорт алаңшасында 33 спорт нұсқаушысының жетекшілігімен спорттың 7 түрімен 1100-ге жуык балалар мен жасөспірім айналысуда дейді сала мамандары. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер