Түркістан қаласындағы "Амфитеатр" кешенінде Түркістан қалалық мәслихат депутаты , "Amanat" партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевтың модераторлық етуінде Түркістан қаласының жастары және облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі әрі қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Бақытжан Бейсембаев, филология ғылымдарының докторы, ХҚТУ профессоры Сейдолла Садықұлы, "Шапағат" мүмкіндігі шектеусіз жандарға арналған қайырымдылық қорының басшысы Еркінбай Шалтан, Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Мақсат Жүсіпбаев, Түркістан қалалық мәслихаттың депутаттары Сүлеймен Арыстанов, Жәмила Сүлейменова, Ғалымжан Худияров, Угылжан Васитова, Нұрсұлтан Жүсіпбаевтардың қатысуымен ҚР Президентінің осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам." атты Жолдауын талқылау жиыны өткізілді.
Жиында сөз алған профессор Сейдолла Садықұлы биылғы Жолдаудың маңызды тармақтарына тоқталып өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн. теңге қаржы жұмысалатынын айтты. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Ауылды жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға дейін өсіруді, сонымен қатар 6 жасқа дейінгі балаларды мектептке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды. 2-жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлінеді, - деді Президент.
Сондай-ақ бұл құжатта Президент ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырма берді. Президентіміз ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып отыр. Ел азаматтарына алдағы келе жатқан реформаларға дайын болып, күш-жігерін аямай, еңбек етуге шақырды»,- деді С.Садықұлы.
Шара барысында Түркістан қаласының жастары және облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі әрі қалалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Бақытжан Бейсембаев та өз ойын ортаға салды. Әлемді әлекке салған пандемия - мемлекет, қоғам, адамзат, тіршілік жайлы ойларды сапырылыстырып жіберді. Басты құндылықты бағамдау қиын болды. Ел есеңгіреп тұрғанда Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдай отырып дер кезінде айтылған мемлекеттік ой, пікір, ұсыныстарға сусындадық. Ең бастысы Президентіміз алда мемлекет, қоғам, әрбір Қазақстандық не істеуі керектігі туралы, басты мәселелер жайлы анық тапсырмалар берді.
Мемлекетіміздің басқару жүйесінің стратегиясын айқындап, талдап, сараптап отыратын жүйе қажеттілігі айтылды. Бұл мемлекетті монобасқару емес халықтық, демократиялық, ғаламдық ағым үрдісінде болуға мүмкіндік тууда.
Сонымен қатар халықтың әл – ауқатын көтеру, еңбекпен қамту, үй - баспанамен қамтамасыз ету, жемқорлықпен күресу, электронды қарым – қатынасты арттыру жолдары нақтыланды.
Ауыл шаруашылықты субсидияландыру, өнеркәсіпті жан – жақты дамыту жолдарын белгілеп, көлеңкелі бизнестің және кредит алудың құйтырқы жолдарын ауыздықтау керектігі туралы Үкіметке тапсырмалар берді.
Президентіміздің Жолдауы халықта үлкен рухани серпіліс тудырды. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауының басты мақсаты мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын одан әрі дамыту сынды мақсаттарға қол жеткізу екендігіне бүгінгі Президенттің сөздерін тыңдай отыра бәріміз куә болдық. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғандығы аталып өтілді. Сонымен қатар, Президент атап өткен жаңа экономикалық дамудың жеті қағидаты мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдауды және сол үшін қоғам алдында жауапты болуды көздейді.
Әсіресе, қолжетімді әрі сапалы білім беруге және де әлемге зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға арналған бөлімдер алда ауқымды жұмыстар жүргізілетіндігінің негізі. Халықтың әлеуметттік әлеуетін одан әрі арттыру яғни, тұрғын-үй мәселесін шешу бойынша «5-10-25» бағдарламасының осы жылдан бастап жүргізіліп келе жатқандығын және 2021 жылдың өзінде БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалана алатындығын айқындады.
Алайда, осындай табыс пен тұрмыс сапасы жоғары мемлекет құру үшін бәрімізге жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіп қажет. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының осы орайда, білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек, деген сөзі Қ.Ж.Тоқаевтың жолдауда атап өткен мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары еліміздің дағдарыс жағда йында одан әрі дамуына зор үлесін тигізеді деген сенімдемін,- деді ол.
Аталған жиын барысында сөз сөйлеген осы азаматтар және жастар өз ойларын ортаға сала отырып,өз Жолдауда еліміз бен халқымызға бүгінгі таңда қажетті өзекті мәселелердің дұрыс көтеріліп айтылғандықтарын жеткізді. Мемлекет басшысының атап көрсеткен ұсыныстарын Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін маңызды деп санайтындықтарын және оларды жүзеге асыруға аянбай өз үлестерін қосатындықтарын мәлімдеп,өз тараптарынан Жолдауға қолдауларын білдірді.