«Turkistan» АЭА инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі

62da3b0a9547f965146200.jpg

Түркістан қаласында өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыратын, инвесторларға барлық жағдай жасалатын   «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын  инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 

Бұл жұмыстарды жобалаумен «Turkestan Engineering» ЖШС-гі айналысты. Жоба 6 кезекпен іске асырылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны– 14 635,6 млн. теңгені құрайды . Оның ішінде:

1-кезек (газбен қамту). АЭА (1-кезек) жұмыс жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынды. Жалпы соммасы – 1 584,8 млн. теңге. Газ құбырларының жалпы ұзындығы – 25,4 шақырымды құрайды. Жоба құрылысы 2021 жылы басталған. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2021 жылы 954,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 80%-ға орындалған.

2-кезек (жол бөлігі). Жол бөлігінің ұзындығы – 5,1 шақырымды құрайды. Нысан құрылысын бастауға 2023 жылға республикалық бюджеттен  745,8 млн. теңге бөлінді. 

3-кезек (өрт сөндіру депосы, өткізу бекеті, абаттандыру, байланыс желісі, қоршау).   Жалпы соммасы – 1 006,3 млн. теңге Жоба құрылысы 2021 жылы басталған. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2021 жылы 656,9 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 82%-ға орындалған. 

4-кезек (темір жол). Жалпы соммасы – 1 730,6 млн. теңге. Нысан құрылысын бастауға 2023 жылы облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге бөліну жоспарланған. 

5-кезек (сумен жабдықтау және кәріз желілері). Бүгінгі таңда жоба әзірленуде. Жобаның болжамды құны – 1 300,0 млн. теңге. Жобаны іске асыруға 2023 жылы 1 300,0 млн. теңге қажет. 

6-кезек (электрмен жабдықтау). Бүгінгі таңда жоба әзірленуде. Жобаның болжамды құны – 8 000,0 млн. теңге. Сараптама қорытындысын алу – 2023 жылға жоспарлануда. Жобаны іске асыруға 2023 жылы 8 000,0 млн. теңге қажет.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер