«Шаңырақ» шаттық сыйлайды

30.jpg

Түркістанға келген туристер бас сұғатын мейрамханалар аз емес.  Сондай орындардың бірі  "Шаңырақ" қымызханасы.

Қымызхананың  сусындары  туристер үшін нағыз "экзотика". Әр ұлттың өз тілі, діні, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай, дастарханына қойылар айрықша ас мәзірі бар. Соның ішінде, ежелден аттың жалы, түйенің қомында көшпенді ғұмыр кешкен халқымыздың ұлттық тағам түрлерінің алар орны ерекше. Түп төркіні төрт түлік малдан қарапайым жолмен өңделіп алынатын бұл азықтар: ет, сүт, құрт, май, қатық, қаймақ, айран, уыз, ірімшік, іркіт, қойыртпақ, қорықтық, қымыз, шұбат болып бөлінеді.  Ұзақ уақыт бойы қазақ халқының ас мәзірінің негізіне ет  тағамдары кіреді. Ең танымал ет тағамдары:қуырдақ-өкпе, бауыр және ет қосылып дайыналған тағам,бауыр құйрық-жұқалап кесілген бауырды құйрықпен орап дайындалады, сондай ақ, жылқы етінен дайындалғанқазы, шұжық, қарта. «Шаңырақ» қымызханасының мәзірінен қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Нағыз талғампаздар үшін, аспазшылары фирмалық тағамдарды ұсынады. Мейрамхананың мәзірінде ұлттық тағамдардың үлкен таңдауы бар: бешбармақ, қуырдақ, сірне, қымыз, шұбат, құрт, талқан және кәуаптың көптеген түрлері мен жаңа сығылған шырындар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты
  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер