Түркістан қаласы инвесторлар үшін тартымды қалаға айналып келеді. рухани шаһарға ендігі кезекте венгриялық бизнес өкілдері де инвестиция құюға әрекеттенуде. Таяуда Венгрия елшісіне Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Сатыбалды Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Өңір басшысының міндетін атқарушы Қазақстан мен Венгрия арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвестициясын тартуға, екі жақты қарым-қатынасты тереңдете түсуге мүдделі екенін айтты.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Венгрия елшісімен кездесудегі мүмкіндік екенін айтты. 2018 жылы құрылған Түркістан облысының бүгінде ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқанын жеткізді. Бұл жетістіктер қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестиция тартуға серпін болып отыр. Нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 60 пайызға өсіп, 1,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Өңір басшысы Венгрия инвесторларын қуана қарсы алуға, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона да Түркістандағы мүмкіндіктерді қарастырып, өз елінің бизнес өкілдеріне мәлімет ұсынатынын жеткізді. Шетелдік қонақ жаңа Қазақстанды құру үрдісі жүріп жатқанын білетінін айтты. Өз тарапынан ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, балық шаруашылығы, жүрегі, құс фабрикаларын дамыту бойынша ұсыныстар бере алатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында екі тарап естелік сыйлықтар алмасып, екіжақты байланысты нығайта түсу жөнінде уағдаласты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру - алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылған.