Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы онлайн және офлайн форматта болып өтті. Тұрақты комиссия отырысын мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы сөз алып ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат Байжанұлы қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту» бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шахиевна, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» басшысы Бухарбаев Ерсейіт Ермекұлы, «Жылу» мекемесінің басшысы Рысбеков Ерғазы Абдрахманұлы қатысты. Сонымен қатар, тұрқты комиссиының отырысы өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысумен жүргізілді.
Жиын барысында комиссия жұмысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып, қаралды:
1. Қала әкімінің жанындағы сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
2. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзышылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
5. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №11/55-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6. Түкістан қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы;
7. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
Аталмыш бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды. Тұрақты комиссия отырысында депутаттар бірқатар бөлімдерге толықтырулар енгізуін сұрап, ендігі отырыста қайта қарайтындығын мәлімдеді.