«Түркістан – рухани құндылығымыздың астанасы»

8.jpg

Түркістан – Жаңа Қазақстан тұғырында»- атты қала күніне орай мәдени шарасы өтті. 

Киелі қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен түрлі сала мамандары, ішкі істер қызметкерлері, студент жастар,мектеп басшылары, мұғалімдер, сонымен бірге қалаға келген туристтер қатысқан шарада алдымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының фоесінде «Түркістан – рухани құндылығымыздың астанасы» атты тақырыптық кітап көрмесімен таныстық.

Көрмеде Түркістан қаласының мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертер қолөнер шеберлерінің құнды туындылары қойылыпты.

Қала күнін мерекелеуде қазақша қарүй жобасы тігіліп, ұлттық үрдісте еңселі ақ екшелері,оюлы камзолдарымен ұлттық нақышта киінген «Асылдың көзі - Әжелер» ауылдың алты ауызынан ләстүроі әндер айтып, арнайы шақырылған қонақтарға ұлттық тағамдарын ұсынды.

Қаздай тізілген қолөнер шеберлері өздерінің қолдарынан шыққан төл туындыларын дүйім жұртқа таныстырып жатты..

«Қол өнерім – мол өнерім»- атты қолөнер бұйымдарын тамашалаған жұртшылық шеберлердің бұйымдарының жасалуы мен құндылығына мән берді. 

Мерекелік шараның негізгі бөлігі концерттік,сахнада жалғасты. 

Қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдары және ардагерлер қауымы құрметті қонақтар қатарында болса, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары керемет рухани кештің куәсі болдық. 

Халық театры сахналаған «Иассы шаһары» қойылымы салтанатты шараның мазмұнына жетеледі. Онда көне шаһардың таңғажайып тарихы бейнеленген көріністің мән мағынасы терең,тарихи құндылығы басым болды. Қожа Ахмет Яссауи руханияты бүкілхалықтың басын қосып, діні мен ділін ұлықтаудағы ізгі істері шараның киесін артып, жандануына арқау болды.

Бұл күнде Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, адам танымастай өзгерген көріністер де көрініс тапты.

Ежелгі Яссы, көне Түркістан бүгінгі жаңа қала облыс орталығына айналғандығын,  Түркістанның бүгінгі гүлденген бейнесін паш еткен Ханшадай жасөспірім қыз қойылымы көрерменнің жүрегіне шуақ ұялатты 

Қаз дауысты Қазыбек бидің баталы сөзі шараға қатысушы әрбір азаматқа ой салды. Мерекелік шара аясында «Керуен сазы» этнофольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерін жарыса төкті. 

Дәулеткерейдің күйі «Көроғлы», Қазанғаптың күйі «Ақжелен» күйлері сахнаны сәнге бөледі.  «Керуен сазы» этнофольклорлық және «Бисұлтан» би ансамблінің орындауындағы «Алтын адам» және «Достық» би туындыларын мың бұралған бишілер ұлттық рухта орындады. «Түркістан» әнін әншілер квартеті орындаса, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ұлттық-мәдени этнос өкілдері мерекенің ажарын ашты. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков мерекелік құттықтауын жеткізді.

Сондай-ақ, Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы құттықтау сөздерін айтып,изгі тілектерін білдірді.

Қала күні» мерекесіне орай қаланың дамуына белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар қала әкімінің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Мәдени іс шара «Түркістаным Тұраным» әнімен жабылып, көрермендерге мерекелік үлкен көңіл күй сыйлады.

Түркістан қалалық мәслихат депутаты ретінде Қалалық мәдениет үйінің басшысы Лиза Төлегенқызының мәдени шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастырудағы қажырлы еңбегіне алғысымды білдіремін..

Қасиетті қаламыздың киесі артып, руханияты жасарып, жандана берсін ағайын!

Рая Ибадуллаева,

Түркістан қалалық мәслихатының депутаты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер