«Түркістан-Жаңа Қазақстан тұғырында»

7.jpg

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Түркістан – Жаңа Қазақстан тұғырында» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы, облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық мәслихат депутаттары Рая Ибадуллаева мен Ғалымжан Худияров қатысты. 

– Еліміздегі қалалардың ішінде Түркістан шаһарының орны ерекше. Тарихи қаланың бүгінгі жаңарған келбеті де аса шырайлы, көңіл бұрарлықтай ғажайып. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму жағынан да Түркістанның мәртебесі жоғары. Шаһардың гүлденуі – ол сіздердің ортақ еңбектеріңіз», – деді Байдулла Жұмадуллаұлы құттықтау сөзінде. 

Қала күніне арналған рухани кеште «Түркістан – рухани құндылығымыздың астанасы» атты кітап және «Қол өнерім – мол өнерім» ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Жиын барысында қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа қала әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды. 

Мерекелік іс-шарада мәдениет үйінің өнерпаздары және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы әннен шашу шашып, қала қонақтары мен тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер