Басты ұстаным-сапалы өнім

14.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты.

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр.

Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір тұрғындардың тұрмысына қатысты өз өнімдерін жарнамалап, сапалы қызмет көрсетуге сенімділік танытып жататын өнім өндіруші компаниялар көп. Бірі терезе жасап, екіншісі есік дайындап тұтынушыларға ұсынуда.

Түркістан қалалық мәслихатының хабарлауынша, бүгінде қасиетті қалада сапалы өнімдерді шығарумен айналысатын кәсіпкерлер жетерлік. Осы бағытта Түркістан қалалық мәслихат депутаттары отандық өнім шығаратын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктерді насихаттап, қолдау көрсету мақсатында шаһардағы шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысымен танысып жатыр. 

Күні кеше, депутаттар өз кәсібін 2018 жылдан бері бастаған есік шығару ісімен айналысып келген Бахадыр атты кәсіпкермен кездесті. Ол қарамағында 18 адамды жұмысқа баулый отырып, өз кәсібін жүргізуде. Бүгінде алыс жақын Шымкент , Қызылорда сынды қалаларға өз өнімдерін жөнелтуде. Сонымен қоса, мәслихат депутаттары есік шығарумен айналысатын тағы бір Сайдбек атты кәсіпкердің өнімдерін жіті танысу үшін арнайы ол басқарып отырған цехқа барды. Бес жылдан бері үйдің ішіне арналған ағаш есіктер шығарып келе жатыр. Арнайы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген жұмыс орнымен танысу барысында түркістандықтардың аталған өнімдерге сұранысы жоғары екенін байқадық. 

Келесі кәсіпкер есіктер мен үй жиһаздарына арналған өрнекті әйнектер жасауды қолға алған. Айта кетерлігі, шикізатты Қытайдан алдырғанмен, барлық жұмыс Ұлықбек кәсіпкер бастаған жігіттердің өз қолымен әзірленеді. Сондай-ақ, еврожөндеуге қажетті үй қабырғаларының ернеуіне арналған гипс тақталар өндіруді қолға алып келеді. 

Қазіргі таңда Түркістанда аяқжолға арналған тас төсеуіштер өндіру дамып келеді. Осы кездесуде қалалық мәслихат депутаттары аталған кәсіпті дамытқан азаматтың жұмыс орынымен танысып, бірнеше жеңілдіктер туралы толық ақпарат берді. Байқауымызша, төрт кәсіпкердің иелігіндегі өндіріс орнындарының әрқайсысында кемі 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кездескен азаматтардың барлығы дерлік өндірістерін ұлғайтуға ниетті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер