Бала ұлттың болашағы

15.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған Жолдауында: 

- Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырамын,-деген болатын.     

Түркістан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлы дала елі” орталығында дәстүрлі “Мейірімді жүрек” акциясы жалғасын тапты. Бұл туралы Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы қатысты.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев “Бала - ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек”-деді. 

Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров пен шаһардың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев та өз кезегінде осындай қайырымды істің басы- қасында жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Балаларға жасалған қамқорлық пен жақсылыққа дән риза болған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тіледі.

Шара соңы көңілді концертке ұласып, әр балаға бағалы сыйлықтар табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер