Сұранысы жоғары өнім шығаратын кәсіпорын

16.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған Жолдауында: Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс,-деген болатын. Жуырда халықпен кездесуінде Мемлекет басшысы:

-   Бірінші маңызды мәселе. Біз еңбекқор болуымыз қажет. Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Түрлі қаржы пирамидасына, құмар ойындарға әуес адамдар ақшаның оңай жолмен келмейтінін түсінуі керек. Маңдай терімен табыс тапқан адам оны мақсатсыз шашып, ысырап қылмайды. Үнемшіл, қанағатшыл әрі ұқыпты болады,-деді.  

Түркістан қаласында бүгінде  көп сұранысқа ие өнімдерді өндіріп, бірқатар табыстарға жетіп жүрген көпшілік біле бермейтін кәсіпкерлер бар.  Осы мақсатта кәсіпкерлерді қолдау үшін қалалық мәслихат депутаттары Шамшиев Бахриддин бастаған “Marka.kz “ ЖК кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы, депутаттар Сакен Мырзанұлы мен Ардақ Үсенұлы өндіріс орнына барып жұмысшылардың жұмыс барысын бақылады. Бұл туралы Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан көлемінде сұранысқа ие кәсіпорын қыш тақта желiмi, airbond сылақ, гипстi тегiстегiш, шлакаблок грунтовка праймер, житкий травертин водаэмулся фасадный, водаэмулся внутренный, лак, травертин праймер декаративный штукатурка сынды өнімдерді шығарады. Бүгінде кәсіпорын 20-ға жуық қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. “Marka.kz “ ЖК кәсіпорыны Қазақстанның түкпір-түкпіріне өз өнімдерін жөнелтуде. Сұранысқа ие өнімдер Қызылорда, Қарағанды, Шымкент, Астана сынды қалаларға отандық нарыққа шығып жатыр. 

Тиімділігі мен сапасы кем түспейтін отандық өнім әрқашан қолдауға лайық. Сапалы еңбекті бағалай отырып, отандық өндірістің дамуы мен алға жылжуына өзіндік үлес қосып жүрейік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер