Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы онлайн және офлайн форматта болып өтті. Тұрақты комиссия отырысын мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы сөз алып, жүргізіп отырды. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Оразбеков Байдулла Жұмаділләұлы, қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту» бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шахиевна, Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» басшысы Бұхарбаев Ерсейіт Ермекұлы, «Жылу» мекемесінің басшысы Рысбеков Ерғазы Абдрахманұлы қатысты.
Жиын барысында комиссия жұмысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып қаралды:
1. Қала әкімдігінің “Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің” есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
2. Түркістан қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы;
3. Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы;
4. Түркістан қаласы әкімідігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы;
• Аталмыш күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.