«Көктөбе» - балалық шақтың бал мекені

image.png

Төле би ауданының негізгі даму бағытының бірі туризм саласы. Бұл бағытта бүгінгі таңда ауданда 76 нысан жұмыс істеуде. Атап айтсақ, шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай бар. Демалыс орындарының ішінде балалар лагерінің орны бөлек. Себебі еліміздің болашағы балалардың жазғы демалыстарын қызықты, көңілді әрі тиімді өткізгені маңызды.

image.png

 Сондай-ақ таза ауа, керемет табиғат та балалардың денсаулығына айтарлықтай оң әсерін тигізеді. Әне-міне дегенше оқу жылы да аяқталуға таяу қалды. Сондықтан  Қасқасу ауылдық округіндегі  «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайындық үстінде. 

image.png

Мұнда патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында қызықты, танымдық шараларға басымдық беріледі. 

Демалушы балалар  5 мезгіл тамақпен қамтылады. Ұсынылатын тағамдар санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатаң тексеріледі.  7-16 жас аралығындағы балалар мұнда тау бөктерін аралап, табиғатпен етене танысып, таза бассейнге шомыла алады. Сондай-ақ түрлі интеллектуалды, спорттық ойындар ойнап, білімін арттыра алады. Шығармашылықпен айналысып, театр, жайдарман секілді көңіл-көтерер концерттік бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік алады. Балалардың қауіпсіздігі  100 пайыз  қорғалған  және медициналық көмек те қарастырылған. 

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер