Төлебиде экотуризм дамып келді

image.png

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  - Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан флора мен фаунаға бай мекендердің бірі. Қазіргі таңда мұнда  экотуризм айтарлықтай дамып отыр. 

Экотуризмнің басты ерекшелігі табиғи аумақтарға барған кезде биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау болып табылады. Экотуризм сонымен қатар табиғатты қорғау жергілікті қауымдастықтар үшін пайдалы болатын экономикалық жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.

image.png

Бүгінде парк территориясында 7 табиғат зонасы бар, өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардң 300 түрі кездеседі.

Биік тау шыңдары (Сайрам шыңы теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте), биік шыңдағы өзендер оның ішінде, Өгемнің маржаны – Мақпал көлі (2100 м), өзендер мен көлдерің мөлдір сулары, Қырыққыз жотасы, Грейга қызғалдағы мұның барлығы тамаша әсем табиғаттың бейнесін құрайды.

image.png

Біле жүріңіз. Осы кереметті  арнайы көзбен көру үшін  парк аумағында орналасқан «Сайрамсу»  демалыс аймағына келуге болады. 

Нағыз таудың атмосферасын сезіндіретін демалыс орнында заманауи коттеджер, мөлдір сулы бассейн бар. Балконнан таудың әсем пейзажын көруге болады.  Ал таудан аққан тап-таза өзен жағасында монша орналасқан. Отбасыңызбен күніңізді жарқын етуге тапсырмас орын. 

image.png

Футболсүйер жандар үшін арнайы алаң ашылған. Ал балалар табиғатты тамашалай жүріп, таза ауада орнатылған ойын алаңшасында алаңсыз  уақыттарын өткізе алады. 

Ал өз ісінің нағыз шебері – аспаздар қалаған тағамыңызды алдыңызға әкеліп береді. 

Байланыс үшін: 8 775 687 05 66

image.png


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер