Төлеби – туризмнің орталығы

image.png               

Тянь-Шань тауының сілемдерінде созылып жатқан Төлеби ауданы – Түркістан облысының туризм саласындағы мақтанышы. Тау бөктерінде орналасқан аудан аумағынан Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді.  Өгем шатқалының сұлу табиғаты да талайларды таңқалдырып келеді. Табиғаттың берген осынау ырзығын пайдаланып, аудан  имиджін туризм саласы арқылы қалыптастыру қолға алынуда. Туризм саласында бүгінгі таңда 76 нысан жұмыс жасауда.

image.png

image.png

image.png

«Бүркіт ұясы».  Атауы ерекше осы бір демалыс орнының өзі де ерекше.  Табиғатымен тамсандырған,  өсімдік және жануарлар әлеміне бай Біркөлік шатқалына жайғасқан кешенде қонақтардың көңілінен шығар дүние көп. Біріншіден, демалыс орны сауықтыру кешенін ұсынады. Қымыз, жаңа сауылған саумалдан дәм татқан демалушылар күні бойы сергек жүретіні анық. Екіншіден, мұнда заманауи коттеджермен қатар қазақы киіз үйлер орналасқан. Ал тау етегіндегі монша мен бассейннің жөні тіптен бөлек. Таза ауада жеген тағамның дәмді болатыны айтпаса да түсінікті. 

image.png

image.png

Спортпен шұғылданамын дейтіндер үщін де мұнда жағдай қарастырылған. Кешенде  ашық стадион бар.  «Бүркіттің ұясына» келгеніңізге өкінбейтініңіз анық. 

8 747 493 40 28


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 60-тан асты
  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер