Түркістан облысындағы туризммен даңқы шыққан аймақтардың бірі Төлеби ауданы. Жергілікті әкімдік қазіргі таңда экологиялық туризмге де баса назар аударып келеді. Өңірдің әсем жерлерін насихаттау және туристерге қолайлылық үшін нысандарға баратын жолдар жөнделіп, нұсқаулық белгілері қойылған. Мамандардың мәліметінше былтырғы жылы аудандағы демалыс орындарына 47000 турист келген. Бұл көрсеткішке жетуге Бірінші Мамыр ауылында орналасқан «Ақайдар» демалыс кешенінің қосқан үлесі зор.
Эксклюзивты дизайнда жасалған демалыс орны мерекелік кештерді, той-думандарды атап өтуге керемет мекен. Себебі мұнда 250 адамға дейін жиын өткізе аласыз. Банкеттер мен корпоратив кештерге арналған ашық аспан астындағы және жабық залдар бар.
Коттеджеде сізді жайлы төсек орын, ыңғайлы қонақ бөлме, ас бөлме күтуде. Үлкен бассейнде және моншада сергіп алсаңыз да болады. Караокеде ән салуды ұнататындарға да жағдай жасалған.
Сондай-ақ мұнда тек көңілді кештерді өткізіп қана қоймай отбасыңызбен ұмытылмас демалысты өткізе аласыз. Табиғи көлде қайықпен жүзіп, әсем табиғат аясын айналысуға мүмкіндік жасалған.
Су үстіндегі тапшандар жазда керемет салқындықты сыйлайды. Ал аспаздар қонақтарды дәмді тағамдармен таңқалдырады.
Атаулы мереке немесе демалыс күніңізді ерекше атап өткізгіңіз келсе, осында келіңіз!