Аудиторлық шара барысында қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысында аудиторлық іс шара барысында жалпы 218889,5 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл соманың 109253,2 мың теңгесі бос қайтқан автокөліктерге төленген қаржы, ал 20091,3 мың теңге қалпына келтіруге жататын сома.  

Screenshot_30.jpg

Оның ішінде:  

«Түркістан облысы Созақ ауданында «Қаратау» кенішінде «Буденовское»  кен орнының № 4 учаскесіне дейін технологиялық автожолды салу жұмыстары бойынша 56480,2 шаршы метр жерге ұзақ жылдық шөптер (Откосы земляных сооружений. Укрепление посевом многолетних трав, механизированным способом) егілмеген. Бұл жұмыстардың бағасы 82590,4 мың теңге.

Аудиторлық іс шара барысында жалпы 2238,1 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда: «Түркістан облысы, Түркістан қаласының ӘІО–да көппәтерлі 12 қабатты тұрғын үйлердің квартал ішілік инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (абаттандыру, сыртқы сумен жабдықтау, кәріз, байланыс және электр желілері)» (7/1 участок) жұмыс жобасы бойынша мердігер «Talap Story Service» ЖШС-і тарапынан жоба сметалық құжаттама бойынша ойын алаңының астына құйылатын асфальтобетонның орнына бетон құйылған.    

Аудиторлық іс шара барысында жалпы 15415,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда мердігер «BERTYS CONSTRUCTION» ЖШС-і тарапынан – 1984,0 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтарға жол жіберілген. 

Сондай-ақ, 13431,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарға жол жіберілген.  

Түркістан облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті сәйкестік аудиті

бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы Н. Копбосынов

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер