Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан «Келес ауданының тұрғын үй – шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не Департамент тарапынан аудиторлық іс – шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде: «Qazaq Stroy Zhol» ЖШС-нің Бесқұбыр елді мекені, С.Сейфуллин көшесіне автомобиль жолдарын орташа жөндеу салынған асфальт жабындысы 3 299.6 мың теңге көлеміндегі орындалмаған жұмыстарына жалған мәліметтер енгізіп алған қаржысы ҚР - ның «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 17-баптың 1 тармағының 4 тармақшасының, 34-1, 34-2,34-3 баптарының, ҚР-ның 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 97 баптың, 6-тармағының талаптары бұзылғаны анықталып, Мердігер тарапынан анықталған кемшілікті, автомобиль жолдарын орташа жөндеу салынған асфальт жабындысы орындап қалпына келтірген.
Түркістан облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаменті сәйкестік аудиті
бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы П.Мырзабеков