Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөлімі мен «Евро – Құрылыс» ЖШС арасында 17.10.2022 жылғы түзілген №295 келісім шарттың талаптары сақталмай 753082045149 бюджеттік бағдарламасы бойынша 44 337,1 мың теңгеге шаруашылық тауарларды 35 күнтізбелік күнге кешіктіріліп жеткізілген.
Алайда, білім бөлімі тарапынан «Евро – Құрылыс» ЖШС қатысты жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы және тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша сотқа талап арыз берілмеген.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12 бабы, 4 тармағы 3) тармақшасының 2 абзацында айқындалған 1) «өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі»; 2) «шарттық міндеттемелерді толық орындау» және 3) «тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы шарттары қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.» талаптары сақталмаған.
Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының «Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында да бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы, 2-тармағы «Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын:», 1) тармақшасының «конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде» жіберіледі талаптары сақталмай, Мекеме жеңімпаз мердігер «Намыс» ЖШС-не 11 200,0 мың теңге шарттың жобасын 12.12.2022 жылы кейін жолданып, келісім шарт 14.12.2022 жылы түзілген. №7389262-ОК2 ашық конкурсқа қатысқан «Қуат - құрылыс» ЖШС мен «Серік бизнес құрылыс» ЖШС шағымдары 16.06.2022 жылы Департамент тарапынан қанағаттандырусыз қалдырылған. Яғни, шарттың жобасы белгісіз себептермен 124 жұмыс күнінен кейін жолданған.
Қаржылық есептілік
аудиті бөлімінің бас маман-
мемлекеттік аудиторы С.Нұрлыбаев