Соңғы жылдары антикордың бастамасы бойынша мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау, оларды жою.
Жуырда Түркістан қалалық әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары бойынша мәжіліс өтті. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімдігі хабарлады.
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтің төрағалығымен өткен жиынға қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиында қалалық әкімдіктің заң бөлімінің басшысы Сабыржан Садуақас жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады. Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Байдулла Оразбеков мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Осы жерде айта кетері, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізі туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген болатын.
Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Бөлім басшысы О.Булегенов, бөлімнің бас маман заңгері Е.Үсіпбек, мемлекеттік сатып алу және активтер секторының сектор меңгерушісі Н.Тұрғанбайдың қатысуыменен құрылған топ бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдау жүргізді. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес атқарылды. .
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №2357 қаулысымен бекітілген бөлім Ережесіне сәйкес қызмет атқаруда.
Бөлімнің штаттық құрылымы бойынша 20 қызметкер бірлігі, оның ішінде 13 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі, 7 келісім шарт негізіндегі қызметшілер. 13 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі ішінде: 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 4 сектор меңгерушісі, 5 бас маман, 1 бас маман есепші, 1 бас маман заңгер бірліктерінен құралған. Нақты жұмыс атқарып жатқаны 12 қызметкер, бос орын – 1 бірлік. Келісім шарт негізіндегі қызметшілердің барлығы 4,5 нақты жұмыс атқаруда, бос орын-2,5 бірлік.
Бөлімнің іс номенклатурасына сәйкес 2 сала бойынша бұйрықтарды тіркеу көзделген:
- жеке құрам бойынша бұйрықтар;
- негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Бөлімнің жеке құрамы бойынша 18 сәуір 2024 жылы бұйрықтарын тіркеу кітабі 112 бұйрықтан тұрады: жеке құрам бойынша бұйрықтар-28 және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар-84.
Бөлім басшысының 2024 жылғы 18 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №84 н/қ бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2024 жылдыңы 18 наурыз бен 2024 жылдың 1 мамыр аралығында бекітілді.
Мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, қызметкерлер орнықты жұмыс істеуде.
Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың бірігуіне жол берілмеген.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде теріс қылықты фактілер көрсетілмеген.
Мекемеде мүделер қақтығысы фактілері көрсетілмеген.
Мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.
Мекемеде бақылау – қадағалау функцияларын іске асыру бойынша:
- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.
- Есепті кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестігі анықталған жоқ.
- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексеруден өткен, сотталғандар жоқ және айыппұл салынбаған.
- Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер заң талаптарына сай мерзімінде қаралып, орындалуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдыр анықтауға мониторинг жүргізіліп, зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Бөлімнің істер номенклатурасы бойынша 2022 жылы бекітілген. Сондай-ақ, 2023-2024 жылы Бөлім басшысымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. 2023-2024 жылы 7 азамат жеке қабылдауда болған, 2024 жылы азаматтарға жазбаша жауап хаттар жолданған. Келушілерді тіркеу карточкаларында өтініш иесінің ауызша берілген жауапқа қанағаттанғандығы туралы мәлімет енгізілген.
2023-2024 жылы Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 62 өтініш келіп түскен. Оларға жазбаша жауаптар берілген.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.
Бұл ретте Бөлім басшысы Бөлімде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының талаптарының орындалуына ерекше назар салып, жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмауға және қадағалауды күшейту қажеттілігі атап өтіледі.
Бөлімде 2023-2024 жылы өткізілген мәжілістің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде 7 жиналыс өткізіліп, хаттамалары толтырылған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 мақала жарияланған.
Бөліммен 2023-2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің түрлеріне қатысты ақпарат:
2023-2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша заң бұзушылықтар туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыс тобымен төмендегілер ұсынылады:
-Бөлімнің бұйрықтары мен басқа іс қағаздарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын» басшылыққа ала отырып, сәйкестендіруді;
-Бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, өткізуді;
-Талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтында жариялауды және жарияланбаған жағдайда бөлім басшысы дербес жауаптылықта болатындығын ескертуді;
-Талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын атқаруды және болашақта болдырмауға ұсынуды.
Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.