Түркістан: Тапсырмалар айқындалып, жауаптылар бекітілді

6.jpg 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте салық түсімдерінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша сала жетекшілерінің баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар тапсырманы айқындап, жауаптыларды бекітті.  Қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов Түркістан қаласында тіркелген 193 Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі зерделенгенін, нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған, қызметін тоқтатқан ұйымдар анықталғанын баяндады. Бұл өз кезегінде Ұлттық дерекқорға есеп тапсыру барысында қиындық туғызатынын жеткізді.

Нұрбол Әбдісаттарұлы бөлім басшысына қалалық кірістер және қалалық полиция басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқару, белсенді ұйымдармен жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.

Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратовтың мәлімдеуінше, 18-25 мамыр аралығында қала аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен 133, абаттандыру қағидатын бұзу (ӘҚБтК 505-бабы) дерегімен 48, Жол жабындысын бүлдіру (ӘҚБтК 630-бабы) дерегімен 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов жыл басынан бері «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында 225 кәсіпкерге қолдау көрсетілгенін айтып, бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, 134 кәсіпкерге құжаттандыру заңдылығы бойынша кеңес берілген, жұмысын жаңадан бастаған 81 кәсіпкерлік нысан сүйемелденіп, заң талаптарына сай жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, қаламызға, индустриалды аймаққа және арнайы экономикалық аймаққа инвесторлар тарту мәселесіне тоқталып, ұсынылған жобалармен таныстырды.

Аппараттық мәжілісте тапсырмалардың орындалуы бойынша жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалып, нәтижесінде тапсырма-жоспар жаңартылып қайта бекітілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер