«Халық заңгері» акциясы өтеді

5.jpg 

30 мамыр күні Түркістан қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

Акция Түркістан қаласы, Фараб кітапханасында өтеді.

 Айта кетейік, акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халің қалай, ауыл медицинасы? Өңірде 58 нысанға сұраныс бар
  • Праздник Наурыз широко отметили в Туркестанской области
  • Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді
  • Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды
  • Түркістандағы қонақ үйлер туристерге толды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер