Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен республика көлемінде «Абайлаңыз балалар!» іс-шарасы өтуде.
Осы бағытта түркістандық полицейлер акцияның онкүндігіне өз үлестерін қосуда. Білім беру ұйымдарына арнайы барып, жасөсіпірімдерге жол жүру ережелері тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде түлектерге автокөліктермен шеру жасап, көлік құралының терезелерінен, люктерінен денелерінен шығаруға болмайтындығы қатаң ескертілді. Мұндай қызық қуып, көліктермен кортеж жасаудың соңы жол ережесін бұзып, жауапкершілікке тартуға дейін әкеп соғады. Ең қиыны жол апаттарына себеп болуы мүмкін.
25-мамыр мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Осыған орай, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады.
Аралау барысында мекеме басшыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге басқару құқығынсыз автокөлікті бермеу қажеттігілігі айтылды.
Сондай-ақ, Түркістанда мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі және жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы мәжіліс өтті.
Сондай-ақ, жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.
1.Қала аумағындағы балалардың құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар;
2. Балалардың шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстары туралы;
3.Қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздік шаралары мен
балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы;
4. Қала аумағындағы кәмелет жасына толмағандарды және жасөспірімдерді бұқаралық спорт түрлеріне тарту бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайында қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.