Күн тәртібінде—балалардың құқығы

11.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырпмасына сәйкес елімізде  2026 жылдың соңына дейін 50 балалар сауықтыру лагері құрылып, балалардың инновациялық шығармашылығына арналған 100 орталық салынады.

Қостанай, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында, Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жыл бойы жұмыс істейтін 2 лагерь мен 9 шығармашылық орталық ашылды. Президент тапсырмасының белгіленген мерзімде нақты орындалуын қамтамасыз ету оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге тапсырылды. Негізгі басымдық – балалардың қауіпсіздігі.

«Балалар демалысы, бос уақытты өткізу орындары, орталықтар, Оқушылар мен шығармашылық сарайлары көпфункциялы болуға тиіс. Олар балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек. Барлық объектілер сауықтыру маусымының ашылуына толық әзір болуға тиіс. Ол үшін өңірлік штабтар жергілікті жерлерге барып, лагерлердің санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауы қажет. Балалар лагерлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуі тиіс»,  — деп атап өткен болатын Премьер-Министр Олжас Бектенов жуырда өткен Үкімет отырысында.

Оаыған байланысты Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның он бірінші отырысы өтті. Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында жазғы шомылу маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар жөнінде баяндалды.

Одан бөлек, балаларлың бос уақытын тиімді пайдалану, жазғы лагерлерді ұйымдастыру бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова баяндаса, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлия Пиржанова жеткізді.

Сондай-ақ, мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін талқылады.

Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер