Түркістан: Тазалықты қадағалауда қоғамдық бақылауға басымдық беріледі

12.jpg 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов – құқықбұзушылықтың алдын алу және қоқыстар бойынша салынған айыппұлдар, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова - оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қалалық Төтенше жағдай басқармасының басшысы Асқар Сейсенов - шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы, қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаев - облыс әкімінің және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, халықпен кездесу және жеке қабылдау нәтижесімен берілген тапсырмалардың орындалуы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ердаулет Төрехан жұмысшы топ анықтаған кемшіліктердің орындалу барысы туралы баяндады.

Қала әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына сай, құзырлы мекемелер тарапынан шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыс атқарылған. Жоспарда нақтыланған 18 іс-шараның 8-і жүзеге асып, есебі ұсынылды. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан Арыс-Түркістан каналы бойына 15 дана - шомылуға тыйым салу хабарлама тақтайшасы, 10 шлюз алдына қорғаныш торы орнатылды.

Төтенше жағдай басқармасы, полиция басқармасы және 6 сектор меңгерушілерімен бірлесіп халыққа қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша Отырар, Бірлік, Оралман аумақтарында 7 рет рейд ұйымдастырылып, 500 жадынама парақшасы таратылды. Белгіленбеген орында шомылған 1 азаматқа Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 412- бабымен айыппұл салынып, 365-1 бабымен 5 азаматқа ескерту берілген.

Мәжіліс барысында ұсынылған келесі мәліметке сүйенсек, Полиция басқармасы маусым айында ортақ пайдалану орындарын ластаған 228 азаматты анықтап, ӘҚБтК 434-2 бабымен айыппұл салған. Абаттандыру қағидатын бұзған 83 азаматқа шара көрілген. Сонымен қатар, Жол жабындысын бүлдіру бойынша 11 дерек тіркеліп, ӘҚБтК 630-бабымен айыппұл рәсімделген.

Шаһар басшысы жұмысшы топ ұсынған кемшіліктерді зерделеп, көгалдандыру, абаттандыру жұмысына жауапты мамандарға ескерту жасады. Сондай-ақ, секторларға «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында аумақтарда сенбіліктерді тұрақты жалғастыруды тапсырды:

- Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау әлі де тыйылар емес. Анықтау, айыппұл салу жұмысын күшейту керек. Полиция үлгермеген жерде сектор мамандары көмекші болуы тиіс. Бұл істе қоғамдық бақылауды жүйелеген дұрыс, - дей келе, тазалықты қадағалауға жергілікті белсенді азаматтарды жұмылдыруға басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Мәжіліс қорытындысымен қала әкімінің тапсырма-жоспары толықтырылып, қайта бекітілді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Agrofest túrkistan - 2024» салтанатты шарасы өтуде
  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер