Оңтүстік журналистері «Таза Қазақстан» акциясына бірауыздан үлес қосты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы бүгін қорытындыланып, нүктесі қойылды. Экоакцияға еңбектеген баладан таяқ ұстаған аталарымызға дейін атсалысып, бүкіл қоғам жұмылдырылды.   Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен барлық аймақтарда апта сайын сенбіліктер өтіп жатты.

IMG-20240625-WA0060.jpg

Жуырда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібайдың бастамасымен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты  «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» Ордабасы бөлімшесінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті.   Бұған дейін облыстағы БАҚ ұжымдары өз алдына бөлек сенбіліктер өткізіп, көзге түскен. Бұл жолы тілшілер қауымы бірлігі мен ынтымағын танытып, сенбілікке бірлесіп шығу жайлы ұсынысыма бірден қолдау білдірді.  Әрдайым ауызбіршілігімен, ұйымшылдығымен көзге түсіп келе жатқан өңір журналистері  "Мөлдір бұлақ" атты ұранмен өтіп жатқан ауқымды экоакцияның  қорытынды аптасына атсалысты.

Экологиялық акцияға Түркістан облысындағы журналистер қатысты. Атап айтсақ, республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінің,    «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар», «31 арна», КТК, «Еуразия Бірінші», «Astana TV»,  «Atameken Business» телеарналарының, «Қазақпарат» халықаралық агенттігінің, «Азаттық радиосы», el.kz порталының өңірдегі меншікті тілшілері, «Turkistan» медиахолдингі, «Отырар» медиахолдингінің өкілдері, аудандардан «Арыс ақиқаты» газетінің директор-бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай бастаған Түркістан қалалық, Түлкібас, Ордабасы, Созақ, Сарыағаш, Төлеби аудандық басылымдарының басшылары қатысты. «Рейтинг»,  «Еркін ой», «Темірқазық-Ой» газеттері, oinet.kz, didarbek.kz секілді бір топ жекеменшік БАҚ-тардың бас редакторлары, бірқатар облыстық басқармалардың, аудандық әкімдіктердің, мекемелердің баспасөз хатшылары да атсалысты.

IMG-20240511-WA0012.jpg

Сонымен қатар Түркістанмен еншісі бөлінбейтін Шымкент қаласынан Бақтияр Тайжан бастаған бір топ әріптестер де келді. Экологиялық акцияға жалпы алғанда  60-қа жуық журналист қатысты.

  Журналистердің Ордабасыда бас қосуы бекер емес. Тарихтан  белгілі, Ордабасы – қашан да қазақтың басын біріктірген, ынтымақ пен татулықтың нышаны болып қала береді. Осы жолы да бірліктің керемет  үлгісін көрсеткен БАҚ өкілдері ерекше қорғалатын табиғи аумақта  сенбілік жұмыстарын  жүргізді.  Қолдарына күрек, тырмауыш пен сыпырғы алған төртінші билік өкілдері  аумақты қоқыстан тазалады.

Облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің қолдауымен өткен акция аясында  «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» директоры Бейбіт Мошқалов бастаған қызметкерлер журналистерді тұқымбақ  шаруашылығымен және осында өндіріліп жатқан көшет түрлерімен танысты.

 Экологиялық науқанға белсене қатысып, қоршаған ортаға  жанашырлық танытқан журналистер   арнайы сертификаттармен марапатталды.  Сенбіліктің соңы табиғат аясына шыққан журналистердің ән шырқап, өлең оқуына, түрлі ойындарға ұласты. Оның ішінде дартс ойынында нысана дәлдеуде мергендігін танытып жүрген журналистер осы жолы да бәсекеге түсіп, үздіктерді анықтады.

Ауқымды экологиялық акцияға атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға сүбелі үлес қосқан барша әріптестеріме ризашылығымды білдіргім келеді. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп бекер айтпаған ғой. Лайым ынтымағы мен татулығы жарасқан журналистер қауымының береке-бірлігі нығая берсін!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер