Мақсат—сыбайластыққа жол беретін себептерді жою

c5af17b036cc3affba91db1ac7ca164d_original.420748.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі күнде қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Соңғы жылдары антикордың бастамасымен мемлекеттік мекемелерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Оның мақсаты-- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оны  жою жөнінде шаралар қабылдау.

Жуырда Түркістан қаласының әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде 2023 жылдың және 2024 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері жария етілді.

Түркістан қаласы әкімдігінің  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына  сәйкес жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш.Амирова, бөлімнің бас маман заңгері Ж.Әсілбекова, жұмыспен қамту және жекеленген санаттағы азаматтарға қолдау көрсету сектор меңгерушісі А.Атымтай енгізілді. Айта кетері,  бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Аталған қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №257 қаулысымен бекітілген бөлім Ережесіне сәйкес қызмет атқаруда.

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары 2024 жылғы 04 қаңтарда бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміліне сәйкес 15 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалуда. Атап айтқанда: Әлеуметтік көмек көрсету секторында - 2 қызмет; Жұмыспен қамту және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету секторында - 9 қызмет; Әлеуметтік қызмет көрсету секторында - 3 қызмет; Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару-1

2024 жыл басынан 13359 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-6708 қызмет, электронды үкіметтің порталы арқылы 6632 қызмет, тікелей бөлім арқылы-19 қызмет).

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша құқықтық оқыту кестесі бекітіліп, 5 оқыту өткізілген, тоқсан сайын бекітілгеніне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында 1 рет мақала жарияланды. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы қала әкімінің (инстаграм, фейсбук) парақшаларында жарияланды.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Республика бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылған. Порталда мүгедектігі бар адамдар техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіледі.  Электронды қызметтерді алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс істейді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында мүгедектігі бар адамдардар және олардың сенімді өкілдері әлеуметтік қызмет көрсету порталына және электронды үкімет wwwegov.kz порталына қол жеткізе алады. 

Бөлімнің істер номенклатурасы  2024 жылы бекітілген. Жыл басынан жалпы 32 азаматқа жеке қабылдау жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  ғимараттың  көрнекі жерлеріне мемлекеттік қызметтердің стандарттары орналастырылған. Жеке азаматтардың арыз, шағымдарын қабылдау бойынша  сенім жәшігі, сенім телефоны орнатылып, азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке кабылдау бекітілген кестесі ақпараттық құралдарында жарияланған.

Қызметкерлердің орындаушылық тәртібін күшейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудағы, электрондық түрдегі) объективтi, жан-жақты мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орындалуын қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктеу туралы бөлімнің  бұйрығы қабылданып, таныстырылды.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер  мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасын табуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер