Соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты заңдар қатайтылды. Президенттің бастамасымен жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыру басталды.
Жемқорлықпен күрестегі негізгі бағыт-бағдардың бірі—алдын алу. Осы мақсатта мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде. Мақсат сол мекемедегі жемқорлыққа жол беретін көріністерді анықтау, оны түбірімен жою.
Жуырда Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінде биыл осындай ішкі талдау шаралары жүргізілді. Бөлімде осыған байланысты жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бөлім басшысы М.Көшенов, бөлім басшысының орынбасары Е.Қалдыбаев, бас маман Г.Касымова енгізілді. Бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Бөлімнің штаттық құрылымы бойынша 23 қызметкер бірлігі, оның ішінде 10 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі, 13 келісім шарт негізіндегі қызметшілер.10 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі ішінде: 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 6 бас маман бірліктерінен құралған. Нақты жұмыс атқарып жатқаны 10 қызметкер.13 келісім шарт негізіндегі қызметшілердің 12 нақты жұмыс атқаруда, бос орын-1 бірлік. Бөлімнің іс номенклатурасына сәйкес 2 сала бойынша бұйрықтарды тіркеу көзделген: жеке құрам бойынша бұйрықтар; - негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
Сәулеттік жоспарлау секторы:
Бөлімнің жеке құрамы бойынша 29 сәуір 2024 жылы бұйрықтарын тіркеу кітабі 57 бұйрықтан тұрады: жеке құрам бойынша бұйрықтар-30 және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар-27.
Бөлім басшысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2024 жылдыңы 4 сәуірі мен 2024 жылдың 5 мамыр аралығында бекітілді.
Бөлімде 2023-2024 жылы өткізілген мәжілістің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде 6 жиналыс өткізіліп, хаттамалары толтырылған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 мақала жарияланған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.
- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық серфисі» базасы бойынша тексеруден өткен, сотталғандар жоқ және айыппұл салынбаған.
Мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.
Қала құрылысы және геоақпараттық жүйелер секторы:
2021-2023 және 2024 жылдың өткен кезеңінде жосықсыз қатысушы деп тану туралы мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша ЖК «Анкара» сотқа берілген. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың бірігуіне жол берілмеген.
Бөліммен 2023-2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің түрлеріне қатысты ақпарат:
2023-2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша заң бұзушылықтар туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Мекемеде мүделер қақтығысы фактілері көрсетілмеген.
Мекемеде бақылау – қадағалау функцияларын іске асыру бойынша:
- Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер заң талаптарына сай мерзімінде қаралып, орындалуда.
Бөлімнің істер номенклатурасы 2024 жылы бекітілген. Сондай-ақ, 2023-2024 жылы бөлім басшысымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. 2023-2024 жылы 10 азамат жеке қабылдауда болған, атқарылған жұмыстар бойынша нәтижесі тыңдау хаттамасын түзе отырып, жауап хаттар өтініш иесіне тұрақты жолданған.
Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2023 жылы - 334, 2024 жылы - 62 өтініш келіп түскен.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодесіне» сәйкес орындалуына ерекше назар салып, жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмауға және қадағалауды күшейту қажеттілігі атап өтіледі.
Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет жіне қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыс тобымен төмендегілер ұсынылады:
- Бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, ҚР-ның «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодесіне», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, өткізуді;
- Талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтында жариялауды және жарияланбаған жағдайда бөлім басшысы дербес жауаптылықта болатындығын ескертуді;
- Талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын атқаруды және болашақта болдырмауға ұсынуды.
Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.