Түркістан қаласының әкімдігі бизнесті қолдау және туризм бөлімі мемлекеттік мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстарының нәтижесін жария етті.
Айта кетері, ішкі талдау жұмыстары мекемедегі жемқорлық көріністерінің себептерін анықтау және оның жою мақсатында жүргізілді. Мекемеден құрылған жұмыс тобының құрамына бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы М. Төлепов, бөлім басшысының орынбасары Р.Жумашбеков, сектор меңгерушісі Е.Серік, бас маман Н.Момбеков енгізілді. Бөлімнің 2023-2024 жылдардағы қызметіне ішкі талдауды «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына басшылыққа ала отырып, ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-қағидалары) сәйкес жүргізілді.
Бөлімнің штаттық құрылымы қала әкімдігінің 2023 жылғы 06 қарашадағы №433 қаулысына сәйкес 8 штат бекітіліп, 4 бас маман, 2 сектор меңгерушісі, 1 бөлім басшысының орынбасары, 1 бөлім басшысы құрылған.
2023-2024 жылдары бөлімнің негізгі қызметінің бұйрықтары бойынша заң бұзушылықтары анықталмаған.
Бөлімнің жеке құрамы бойынша 2024 жылдың I тоқсанның бұйрықтарын тіркеу кітабы 19- бұйрықтан тұрады, 2024 жылдың бұйрықтары бойынша заң бұзушылықтары анықталмаған.
Бөлім қызметкерлерімен 2024 жылдың I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында 3 рет жиналыс өткізілген. Бөлім басшысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.
Айта кетері, Түркістан қалалық әкімдігінің бөлімдерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жуырда Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Басқосуға қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Байдулла Оразбеков мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.