Қазақстан ТМД аумағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды қабылдаған алғашқы мемлкет. Жемқорлыққа қарсы ырымасыз күрес қазіргі уақытта мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Бұл әрбір мемлекеттік қызметкердің, әрбір азаматтың парызы. Мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізуге, сыбайластықтың алдын алуға міндетті.
Түркістан қаласы әкімдігі жуырда өзіне қарасты Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау жұмыстарының нәтижесін жария етті.
Осы мақсатта құрылған жұмыс тобының құрамына бөлім басшысы Б.Сыздыков, бөлім басшысының орынбасары А.Мақаш, жер қатынастарын реттеу секторының бас маманы А.Нысанбаева енгізілді. Бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-қағидалары) сәйкес жүргізілді.
Бөлім Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы №1156 қаулысымен бекітілген бөлім Ережесіне сәйкес қызмет атқаруда.
Бөлімнің штаттық құрылымы бойынша 15 қызметкер бірлігі, оның ішінде 7 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі, 8 келісім шарт негізіндегі қызметші.
7 мемлекеттік қызметкерлер ішінде: 1 бөлім басшысы, 1 басшы орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 3 бас маман. Нақты жұмыс атқарып жатқаны 6-қызметкер, бос орын-1 бірлік.
8 келісім шарт негізіндегі қызметшілердің барлығы жұмыс атқаруда.
Бөлім бойынша 22 сәуір 2024 жылы бұйрықтарын тіркеу кітабі 34 бұйрықтан тұрады: жеке құрам бойынша бұйрықтар-26, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар-8.
Бөлім басшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2024 жылдың 18 наурызы мен 31 мамыр аралығында бекітілді.
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, қызметкерлер орнықты жұмыс істеуде.
Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың бірігуіне жол берілмеген. 2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде теріс қылықты фактілер көрсетілмеген. Мекемеде мүдделер қақтығысы фактілері көрсетілмеген.
Мекемеде бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру бойынша:
- Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларция тапсырған.
- Есепті кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестігі анықталған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексеруден өткен, сотталғандар жоқ және айыппұл салынбаған. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер заң талаптарына сай мерзімінде қаралып, орындалуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
Бөлімнің істер номенклатурасы бойынша 2021 жылы 29 қазанда бекітілген. Сондай-ақ, 2023-2024 жылы бөлім басшысымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген. Жалпы 42 азамат жеке қабылдауда болған, 2024 жылы азаматтарға жазбаша жауап хаттар жолданған. Келушілерді тіркеу карточкаларында өтініш иесінің ауызша берілген жауапқа қанағаттанғандығы туралы мәлімет енгізілген.
2023-2024 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 690 өтініш келіп түскен. Оларға жазбаша жауаптар берілген.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтінштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін субъектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.
Бұл ретте бөлім басшысы бөлімде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының талаптарының орындалуына ерекше назар салып, жоғарыда аталған кемшеліктерді болдырмауға және қадағалауды күшейту қажеттілігі атап өтіледі.
Бөлімде 2023-2024 жылы өткізілген мәжілістің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 мақалалар жарияланған. Сонымен қатар, бөлімде ұдайы жиналыс өткізіліп, жұмыстар атқарылды.
2023-2024 жылы бөлімде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша заң бұзушылықтар туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыс тобымен төмендегілер ұсынылады:
-Бөлімнің бұйрықтары мен басқа іс қағаздарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы №27 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын» басшылыққа ала отырып, сәйкестендіруді;
-Бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» , «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, өткізуді;
-Талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты қала әкімдігінің ресми сайтында жариялауды және жарияланбаған жағдайда бөлім басшысы дербес жауаптылықта болатындығын ескертуді;
-Талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын анықтауды және болашақта болдырмауға ұсынуды.
Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі.