Мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру

56d2904eb85f21edaf1427d55f6e6033_original.32143.jpg 

Түркістан қаласы  әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шаралары жүргізілді. Оның нәтижесін Түркістан қаласының  әкімдігі  жария етті.

Тәртіпке сәйкес сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмстарын жүргізу үшін аталған бөлімде жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы А.Оспан, сектор меңгерушісі М.Бахырханов, бас маман Б.Ыдырыс енгізілді. Бөлімнің  2023-2024 жылдардағы қызметіне ішкі талдау «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына басшылыққа ала отырып, ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына  сәйкес жүргізілді.

2023-2024 жылдары бөлімнің негізгі қызметінің бұйрықтары бойынша заң бұзушылықтары анықталмаған.

Бөлімнің жеке құрамы бойынша 2024 жылдың I тоқсанның бұйрықтарын тіркеу кітабы 11- бұйрықтан тұрады, 2024 жылдың бұйрықтары бойынша заң бұзушылықтары анықталмаған.

Бөлім қызметкерлерімен 2024 жылдың I тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында 2 рет жиналыс өткізілген.

 Бөлім басшысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Айта кетері, бұған дейін мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

-- Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.  Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.  Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел  болып  қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз.  Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты  қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі  жұмыстарды  күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз,--деп атап өткен болатын.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер