Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетін кесел. Онымен ымырасыз күресу, жемқорлық көріністеріне қарсы тұру әрбір азаматтың міндеті.
Елімізде мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның басты мақсаты мекемедегі жемқорлыққа жол беретін жағдайларды анықтау, оның алдын алу. Өйткені жемқорлық жағдайлары түптеп келгенде азаматтардың мүддесіне, құқығына кері әсер ететін фактор болып саналады.
Жуырда Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Осыған байланысты құрылған жұмыс тобының құрамына бөлім басшысы Ж.Тулепбергенов, бөлімнің сектор меңгерушісі М.Абуова, бас мамандар М.Серікбаев, М.Бейсембаева (бас маман - есепші), Б.Құрбан, Ә.Нұрман енгізілді. Бөлімнің 2023 жыл - 2024 жылдың мамыр айы аралығындағы қызметіне ішкі талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Бөлімнің жалпы қызметкерлері 8, оның ішінде Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 06 қарашадағы №433 қаулысымен бөлімнің 6 штат бірлігі бекітілді.
6 мемлекеттік қызметшілердің бірлігі бойынша 1-бөлім басшысы, 1-сектор меңгеруші, 1-бас маман-есепші, 3-бас маман бірліктерінен құралған, сонымен қатар 2 келісім шарт негізіндегі қызметкерлерінен 1- хатшы, 1- автокөлік жүргізуші жұмыс атқарады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 978 қаулысымен бекітілген бөлімінің Ережесіне сәйкес атқаруда.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түркістан қаласының әкімдігі болып табылады. Бөлім қалалық жастар және ішкі саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлімге қатысты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деген ведомствосы бар.
Қазақстан Республикасының 7 шілде 2004 жылғы №581 «Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына» сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің 12.08.2011 жылғы №798 қаулысына сәйкес Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Жастар орталығының негізгі мақсаты - жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету, жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру болып табылады.
Түркістан қаласы әкімдігінің 17.11.2015 жылғы №1601 қаулысына сәйкес Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық саны 20 қызметкер болып бекітілген. Атап айтқанда: 1-мекеме басшысы, 1-мекеме басшысының орынбасары, 1-есепші, 1-теолог, 1-психолог, 1-мәдени жастармен жұмыс жүргізетін маман, 2-әдіскер, 12-инспектор.
Бөлімге «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарды /арыз, шағым, өтініш, сұрау салу, хабарлама т.б./ қарау, жауап беру ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бөлімге 2023 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан - 9 (заңды тұлғадан – 0) өтініштер келіп түскен, қайта бағытталған хаттардың саны - 1, мерзімі бұзылып қаралған хаттар саны – жоқ. Ағымдағы жылы жеке тұлғалардан - 3, заңды тұлғадан - 2 өтініштер келіп түскен, қайта бағытталған хаттардың саны - 1, мерзімі бұзылып қаралған хаттар саны – жоқ.
Қызметкерлердің орындаушылық тәртібін күшейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудағы, электрондық түрдегі) объективтi, жан-жақты мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орындалуын қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктеу туралы бөлімнің бұйрығы қабылданып, таныстырылды.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесімен анықталған тәуекелдер:
1.Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын сапалы орындамағаны үшін (сұрау салу мәтінінде өтініш түрі арыз болып түскен жолдаманың сипаты өзгертілмеген /17.01.2024ж-ғы №ЗТ-2024-02797016 хат/) бөлімнің бас маманы М.Серікбаевқа алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау мақсатында ауызша ескерту берілді.
2.2024 жылдың І-жартыжылдығына арналған дін саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеудің бекітілген медиа-жоспарына сәйкес тақырыптық мақалалар бойынша мүлдем қарсынасихаттық жұмыстарды төмен жүргізген үшін бөлімнің бас маманы Ә.Нұрманға алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау мақсатында ауызша ескерту берілді.
Бөлім басшысының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жеке қабылдау күні бекітілген.
Түркістан облысы әкімі мен облыс әкім орынбасарларының және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларына мерзімінде мәліметтер беріліп, бөлімге тиісті тармақтары орындалған, бақылаудан алынған.
Сонымен қатар, бөлім тарапынан Түркістан қаласы бойынша (барлық мекеме басшыларының, қызметкерлерінің, т.б.) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөнінде баспасөз беттеріне тұрақты жариялау үшін арнайы медиа-жоспар бекітілген.
Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы мақалалар жыл басынан баспасөз беттерінде 25 мақала, әлеуметтік желілерде 50-ге жуық материалдар жарық көрді. Бөлім басшы мен қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 2 мақала жарық көрді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын-алу туралы іс-шара жоспары бекітіліп, құқықтық оқулар (жиналыс, дөңгелек үстел, т.б. іс-шаралар) өткізіледі, баспасөз беттеріне 2 мақала жарияланды.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасын табуда.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, жұмыстарды жандандыру, талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде жоюды және ол туралы атқарылған жұмыстар туралы қала әкімінің аппаратына тиісті ақпаратты ұсынуды, сонымен қатар алдағы уақытта болдырмауға тиісті шараларды атқару, талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын атқаруды және болашақта болдырмау ұсынылды.