Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесін Түркістан қалалық әкімдігі жария етті.
Ішкі талдау жұмыстары мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оның жою мақсатында жүргізілді. Бөлім басшысы Д.Жипсыбаева, сектор меңгеруші М.Асильбаев, бас маман Б.Рахметов, бас маман Д.Ибрагимованың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Бөлімнің штаттық құрылымы қала әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №2262 қаулысына сәйкес бекітіліп, 5 мемлекеттік қызметкерден (бөлім басшысы, сектор меңгеруші, 3 бас маман) құрылған.
Бөлімінің іс номенклатурасына сәйкес 2 сала бойынша бұйрықтарды тіркеу көзделген. Бөлімнің жеке құрамы бұйрықтарының тіркеу журналы бойынша 2024 жылы 39 бұйрық қабылданған және негізгі қызмет бұйрықтарын тіркеу журналы бойынша 2024 жылы 75 бұйрық қабылданған.
Бөлім басшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №48 н/қ бұйрығымен мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2024 жылдың 18 наурызы мен 2024 жылдың 1 мамыры аралығында бекітілді.
Мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қызметкерлердің басшысымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, қызметкерлер орнықты жұмыс істеуде.
2023 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде теріс қылықты фактілер көрсетілмеген.
Сонымен қатар, бөлімде –«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл қызмет түрі бойынша 2024 жылы 19 қызмет көрсетілген. Есепті мерзімде аталған қызмет түрлері бойынша заң бұзушылықтар орын алмаған.
Бұған қоса, бөлім басшысымен 3 қаңтар 2024 жылы бекітілген бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары және оны орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
Бөлімдегі қызметкерлермен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде 4 рет жиналыс өткізілген.
Бөлім қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақала жарияланбаған.
Жоғарыда анықталғандарды қорыта келе ішкі талдау қорытындысымен Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысына жұмыс тобымен төмендегілер ұсынылады:
- Бөлімнің бұйрықтары мен басқа іс қағаздарын ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және Электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы №27 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын» басшылыққа ала отырып, сәйкестендіруді;
-Бөлім қызметкерлері арасында бөлім басшысының қатысуымен ҚР Еңбек кодексінің, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының және Қағидаларының қағидаттары бойынша құқықтық оқытуларды тереңдетіп оқып-үйренуді ұйымдастырып, өткізуді;
-Талдау анықтамасында көрсетілген барлық кемшіліктер мен заңсыздықтарды жойып, осы анықтаманы алған күннен 10 календарлық күн мерзімінде жоюды және ол туралы атқарылған жұмыстар туралы қала әкімінің аппаратына тиісті ақпаратты ұсынуды, сонымен қатар алдағы уақытта болдырмауға тиісті шараларды атқаруды;
-Талдау анықтамасын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына таныстыруды, кемшіліктерді жою шараларын атқаруды және болашақта болдырмауға ұсынуды.
Талдау жүргізу барысында іс қағаздарын рәсімдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.