Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінде биыл жыл басынан бері 15 азаматты қабылдап, оларға заң талаптары түсіндірілген. Жуырда мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін бірқатар ұсыныстар берілді.
Айта кетері, ішкі талдау жұмыстарын жүргізуге байланысты мекемеден арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бөлім басшысы Т.Усенбаев, бөлімнің сектор меңгерушісі А.Асанов енгізілді. Бөлімнің 2024 жылғы қызметіне ішкі талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары 2024 жылғы 03 қаңтарда бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізіміне сәйкес мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіліп, қызмет мерзімінде орындалуда.Атап айтқанда
Электронды сервистік қызмет (kezekte.kz);
Е-лицензия тіркеу;
2024 жыл басынан 3180 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген (Е-өтініш порталы арқылы 332 қызмет, тікелей бөлім арқылы-288 қызмет).
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша құқықтық оқыту кестесі бекітіліп, 5 оқыту өткізілді, тоқсан сайын бекітілгеніне байланысты.
Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың көрнекі жерлеріне мемлекеттік қызметтердің стандарттары орналастырылған.
Бөлімде жеке азаматтардың арыз, шағымдарын қабылдау бойынша сенім жәшігі, сенім телефоны орнатылып, азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке кабылдау бекітілген кестесі ақпараттық құралдарында жарияланған.
Қызметкерлердің орындаушылық тәртібін күшейту мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудағы, электрондық түрдегі) объективтi, жан-жақты мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орындалуын қамтамасыз ету жауапкершілігін жүктеу туралы бөлімнің бұйрығы қабылданып, таныстырылды.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кірістер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылуда. 2023 жылдың қорытындысымен барлық мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасын табуда.