"Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым", – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімізде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу үшін бірқатар шаралар іске асуда. Соның бірі мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстарын жүргізу. Жуырда Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі мемлекеттік мекемесінде осындай ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімде арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Момбеков, сектор меңгеруші Д.Абдуллаев, бас маман-заңгер м.у.а Б.Сембаев және іс жүргізуші Г.Байкенжеева енгізілді. Бөлімнің 2023-2024 жылдардағы қызметіне ішкі талдау «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына басшылыққа ала отырып, ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Бөлімнің штаттық құрылымы 2023 жылы 06 қараша қала әкімдігінің №433 қаулысымен бекітілген. Осы қаулының 13 қосымшасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің штаттық құрылымы болып 13 бірлік бекітілген.
Бөлімнің жалпы қызметкерлері 23, оның ішінде 12 мемлекеттік қызметкерлер бірлігі мен 11 келісім шарт негізіндегі қызметшілер.
Бөлімнің жеке құрамы бойынша 2023 жылы бұйрықтарын тіркеу журналы 160 бұйрықтан тұрады және олар бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.
Бөлімнің негізгі қызметі бойынша 2023 жылы бұйрықтарын тіркеу журналы 110 бұйрықтан тұрады және олар бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.
2023 жылға бөлімнің жұмыс жоспары және 2023 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын-алу туралы іс-шарасы бекітілген.
Бөлімде 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жиналыстар өткізілген, жиналыс хаттамалары бар.
Сонымен қатар,бөлім қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мақала жарияланған.
Бөлімнің 2024 жылға жұмыс жоспары және 2024 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын-алу туралы іс-шарасы бекітілген.Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тарапынан 2024 жылдың қаңтар- ақпан айларында қала әкімдігіне Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы түскен жолданымдардың Әкімшілік рәсімдік- процестік кодекстің талаптарына сәйкес орындалуы бойынша кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктерге жол берген.Мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілін қолданып жалпы сома -1 546 242 910 теңгеге келісім шарт түзілгені анықталды. Аталған кемшіліктерге жол берген бөлімнің орынбасарына шара көрілді. Бөлімнің қызметкерлерімен 2024 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында 3 рет жиналыс өткізілген.