Түркістан қаласының әкімі шаһар тұрғындарына заң аясында қолдау көрсетті

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһарға қарасты «Отырар» мен «Шауғар» шағын аудан тұрғындарымен кездесуінде аудан халқы осында салынып жатқан құрылыс нысандарында мердігерлер заңсыздықтарға жол беріп отырғандығын айтты. Сондай-ақ осы шағын аудан тұрғындарымен өткен кездесуден кейін қала әкімі азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

image.png

Қос шағын ауданда өткен жиын мен қабылдауға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, қалалық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары Бекахмет Абусейітов, Ғалымжан Худияров, Жамила Сүлейменова, Самат Рысбеков қатысты.

«Отырар» шағын ауданының тұрғындары кездесуде Жаңа қала аумағындағы көпқабатты үйлердің сапасын, ойын алаңшалары бойынша мәселе көтерген болатын. Сол бойынша арнайы штаб құрылып, жұмысшы топ жасақталды. Нәтижесінде 89 көпқабатты тұрғын үй зерделеніп, 37 ақаулық акті түзілді. Әкімдік тарапынан 13 мердігерге хат жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді. Ал, 4 мердігер мекемеге соттың шешімімен айыппұл салынса, 7 мердігер мекеменің сот шешіміне сәйкес есеп шоттары бұғатталды.

- Ел Конституциясы барлық тең құқықтар мен мүмкіндіктер береді, бірақ азаматтар жауапкершілікті, адал орындалуы тиіс міндеттерді ұмытпауы керек. Заң үстемдігінің, адам құқықтарының сақталуының, әрбір қазақстандықтың жауапкершілікті, елдегі бейбітшілік пен келісімді дұрыс түсінуінің арқасында ғана біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдыға қойылған барлық міндеттерін жүзеге асыра аламыз, «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз. Олай болса қолданыстағы заңдарды білу, сақтау еліміздің азаматтарының басты борышы, құқықтық міндеті. Солай еткенде ғана азаматтардың бүгінгі құқығын қорғап, ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпай өркениетті ел боламыз. 

- Жалпы алғанда барлық жұмыстың өз заңдылығы бар. Осы ретте баспана сапасына қатысты «әкімдік қалай қабылдаған» деген сұрақтар туындап жатады. Құрылыс сапасын техникалық қадағалаушы, авторлық бақылаушы мекемелер тексеріп, қорытынды береді. Сол қорытынды негізінде құрылыс нысандары қабылданады. Қазіргі таңда қолданыстағы заңға сәйкес мердігер мекемелер кепілдік мерзіміне сәйкес ақаулықтарды

түзету жұмыстарын жүргізуде. Кепілдік мерзімі 5 жыл.

Біз үшін тұрғындардың жайлылығы маңызды. Олқылықтарға жол бермеу үшін мен құрылыс барысында азаматтық бақылауды күшейтуді

тапсырған болатынмын. Қазіргі таңда қала аумағында белсенді азаматтардың қатысуымен қадағалау жұмыстары күшейтілді. Нысандарды қабылдау алдында біз Сіздердің пікірлеріңізді тыңдаймыз, - деді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков. 

Жалпы қала әкімінің жеке қабылдауына келген азаматтар тарапынан тұрғын үй кезегі, жұмыспен қамту, үйіргелік жер кезегі, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселелері көтерілді. Кей сұрақтар бойынша тұрғындарға заң талаптары түсіндірілді.

Қабылдауға кірген 13 азаматтың өтініштері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Келесі кезекте әрбір сұрақ-өтініш бойынша заң шеңберінде жұмыстар жүргізілетін болды. Жалпы жыл басынан бері 95 азамат шаһар басшысының жеке қабылдауында болып, нәтижесінде 112 тапсырма белгіленген болатын. Оның 109-ы орындалып, 3 тапсырма орындалу сатысында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер