Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап келеді

Қоғам тыныштығын сақтауда тәртіп сақшыларының атқарар міндеті көп. Қоғам дамуында елдің ішкі саясаты нық, ішкі тәртібі бекем болуы аса маңызды. Полиция қызметкерлері, сол тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен ағымдағы жылдың жеті айында қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспары жұмыстар атқарылып, ұйымдастырылды.   

Screenshot_27.jpg

Бұл кезеңде орын алған қылмыстар мен жол-көлік оқиғаларына талдау жасалды. Оған барлық жеке құрам мүшелері жұмылдырылды. Іс-шара барысында жеке құрамның қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын-алу, орын алған қылмыстарды ашуға бағытталды. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаевтың айтуынша, демалыс күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жалпы профилактикалық есепте тұратын 1456 тұрғын мекенжайы бойынша тексерілген. Тәртіп сақшыларымен барлығы облыс көлемінде 2358 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтсақ, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік тұтыну немесе пайдалану бойынша 115 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде ата анасының қарауынсыз жүрген 119 жасөспірім анықталды.

Ал жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, автокөлікті мас халде басқарған 7 құқық бұзушы дер кезінде анықталып, болуы мүмкін оқыс оқиғаға тосқауыл қойылды. Жол апатына бірден-бір себеп болатын автокөлікті қарама-қарсы бағытта басқарудың 5 дерегі анықталды. Қала полициясының басшылығы рейд барысында жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесті. Оларға заң аясында түсіндірмелер жүргізді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақшылардың көліктері мен қызмет атқару барысы тексерілді.

Полиция органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі – меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу және болған қылмыстарды ашу. Осы жылдың 7 ай қорытындысымен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының саны 40,7 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы 44,6 пайызға төмендеген. Осы ретте полиция департаментінің қалалық полиция құрылымдарында қоғамдық тәртіпті сақтауға, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу шараларына 587 азамат «қоғамдық көмекші» болып тағайындалып, жұмыс атқаруда. Қоғамдық көмекшілер учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде қоғамдық көмекшілермен жалпы 176 қылмыс ашылса, оның ішінде 46-сы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары, 3-еуі мал ұрлығы қылмыстары.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің бастамасымен мал ұрлығы қылмысының алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдар, ветеринариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік емес органдар өкілдерімен бірлесіп, жұмыс топтары құрылды. Бұл топпен іс-қимыл жоспары бекітіліп, оны іске асыру шаралары атқарылуда. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 3346 тұрғын анықталып, оларға шара көрілді. Одан бөлек, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу бабымен 580 тұрғынға қатысты құжаттар толтырылып, ветеринария бөлімімен шара қолданылды.

Қалалық жергілікті полиция қызметтерімен жайылымды жерлерде қараусыз жүрген үй жануарларын азайту мақсатында, «жергілікті атқарушы органдары – халық – бақташылар» арасында үш жақты келісім шарт жобасы бойынша 4529 келісім шарт жасалған. Өз кезегінде Түркістан облысының және Түркістан қаласының полицейлері мал жаю қағидаларын сақтап, қараусыз жібермеуді ескертіп, бақташы жалдауға кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер