Түркістандық полицейлер марапатталды

Осыдан 29 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда еліміздің Ата заңы қабылданған болатын. Осы кезеңде ішкі істер органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі болды. Айтулы мереке Түркістан қаласындағы Түркістан облыстық полиция департаментінің мәжіліс залында өтті.

Screenshot_44.jpg

Жиын бірінші кезекте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің аналары мен жұбайларына сый-құрмет көрсетуден басталды. Жұлдызы ерте сөнген полицейлердің туыстарына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарды Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов табыс етті.

Мерекелік іс-шараларда ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақырту жіберіп тұратын полиция басшылығына қаза тапқан полицей Мұхтар Дәуренбековтың жұбайы Динара Жіпсібаева алғысын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қызметтеріне биік абырой тіледі.

- Біздің басты міндетіміз – еліміздің Ата Заңында жарияланған құндылықтарды қорғау. Полиция қызметкерлері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бар күш-жігерін салады, - деді ол.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай Министрліктің бұйрықтарымен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, адал және мінсіз қызметі, жеке тәртібі үшін ондаған полиция қызметкері  төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Сондай-ақ, кейінгі буын полиция қызметкерлеріне жол көрсетіп, озық тәжірибесімен үлгі болған ардагерлерге де марапаттар табыс етілді. Шара соңында облыстық полиция департаментінің жеке құрамы оркестр әуенімен салтанатты шеру жасап, қызметтік орындарына аттанды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер