Бала қауіпсіздігі – басты орында

Түркістан қаласында білім күні мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қалалық полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде күшейтілген қызмет режиміне көшірілді.  

Screenshot_43.jpg

Бірінші қыркүйек күні Түркістан қалалық полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері мектептердегі салтанатты жиындарға қатысып, сынып сағаттарында профилактикалық әңгіме жүргізді. Сұқбат барысында олар оқушылар мен ата-аналарға жол ережесін қатаң сақтау туралы ескерте келе, жаңа оқу жылына сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі. Ал оқушылар патрульдік полиция көліктерімен естелікке суретке түсіп, оның ішкі жағдайымен танысты. 

Салтанатты іс-шараға қаладағы жергілікті полиция қызметкерлерімен қатар қоғам қайраткерлері де қатысып, балаларға жол ережесін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірді. 

- Бүгін біз мектептердегі іс-шараларға қатысып, балаларға жол жүру ережелері негіздері туралы түсіндірдік, қауіпсіз жүру бағыттары әзірленіп, күнделіктерге жазылды, сонымен қатар бояу кітаптары, жадынамалар мен буклеттер таратылды. Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір ата-ана мен оқушылардың басты назарында болуы қажет, - дейді Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергенов.

Сондай-ақ, жаңа оқу жылы қарсаңында полиция қызметкерлерімен барлық оқу орындарының қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, мектеп айналасындағы жол жүру техникалары, жасанды кедергілері, жаяу жүргіншілер жолағындағы белгілер жаңартылып, орнатылған. 

«Өткен аптаның өзінде Түркістан қалалық ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. Осылайша, ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін жүзден аса кәмелетке толмағандар жеткізілді. 5 жасөспірім және 6 жұмыссыз отбасы есепке алынды. Жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланған орындарға жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында екі жүзге жуық әкімшілік хаттамалар жасалып, қаңғыбастық пен қайыршылықпен айналысқаны үшін бес, түнгі уақытта қараусыз қалғаны үшін 122 заңды өкіл жауапқа тартылды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған ауыр және жеңіл қылмыстар жіргізілген рейддік іс-шаралар аясында едәуір төмендеп отыр», дейді Әдрахман Тоқбергенов.

Жалпы бұл күні облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы №28 мектепке болып, мектептің кіреберістен бастап оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған жұмыстарды көрді. Оқу ордасына кіріп-шығу үшін арнайы жасалған балалардың алақаны сканерленген құрылғы мен «SOS» батырмасының қызметін қадағалады. Оқушылармен кездескен бас полицей: «Сіздермен кездескен сәтімді пайдалана отырып, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасамауды, түнгі уақытта жүрмеуді назарларыңызға салғым келеді. Бүгінгі күннің мәселесі болып отырған құмар ойындарға мүлдем жоламауға шақырамын. Полиция аға-әпкелеріңіз Сіздердің әрқайсыларыңыздың достарыңыз, қорғаушыларыңыз, сондықтан бізге сеніңіздер! Тәртіпті болыңыздар! Білім күні құтты болсын!» - деді бас полицей. 

Айта кетерлік жайт, алғашқы қоңырау мерекесіне орай рейдтік-профилактикалық шараға облыс бойынша 1200-ге тарта полиция қызметкері, 127 қызметтік автокөлікпен жұмылдырылды. Жалпы Түркістан облысында 1060 мектеп бар, ондағы оқушы саны - 479 899. Оның ішінде мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушысы 52 мыңға жуық. Аталған кішкентай достармен ҚР ІІМ-нен арнайы келген «Полиция және балалар» тақырыбындағы дайын эскиздерді бояу жұмыстары жүргізілді. Бұл боялатын суреттерде қоғамдық орындағы қауіпсіздік қимылдары бейнеленген. Полицейлер бірінші сынып оқушыларымен осы суреттерді түрлі-түске бояп, түсіндірме сабақтарын өткізді. Бала қауіпсіздігі – басты орында екенін ескерген түркістандық полицейлер, жыл бойы балалардың амандығы үшін қорғаныс шебінде қызметте болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер