Өтіріктің соңы бір тұтам

Терроризм актiсi туралы жалған ақпарат беру – бұл, ең алдымен заң бұзушылық болуымен қатар, қоғам тыныштығын бұзу болып табылады. Нәтижесiнде тұрғындарда үрей, қорқыныш туындап, залалсыздандыру, анықтау үшiн тиiстi құтқару қызметтерiнiң қаншама күшi мен уақытына зиян келтiредi. Мұндай хабарлама жасаушылар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын түсiне бермейдi. 

Screenshot_42.jpg

Түркістан қалалық сот төрайымы Айгүл Жаңбырбаеваның айтуынша, елімізде жалған ақпарат таратқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырса екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

- Естеріңізде болса, WhatsApp ме ссенджерінде «балаларға мектеп, дүкен, көшелерде белгісіз біреулер есірткі қосылған конфет таратып жатыр, соның әсерінен балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатыр» деген аудиохабарлама тараған. Нақты мәтіні осындай еді: «Әсем, сәлем, қалайсың? Мына конфеттерді балаларыңа көрсет, қазір бүкіл балаға осы конфеттер тегін таратылып жатыр. Танымайтын адамнан, мектеп маңайында, жолда, дүкен жақта ешкімнен алмасын. Оларға есірткі қосылған, балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандар бар дейді. Көкшетауда қайтыс болды, Қостанайда да осындай жағдай орын алған. Соның бәрі осы конфеттен, балаларыңа көрсет, көрсін, алмасын». Алайда, бұл – жалған ақпарат. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Ал Тараз қаласында екі оқушы «10 миллион теңге алмасақ мектепті жарып жібереміз» деп түнгі уақытта облыстық білім басқармасының Telegram-ботына хабарлама қалдырған. Қаладағы №51 мектепте жарылыс болуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін барлық құзырлы орган мектептің жан-жағын жіті тексерген. Ақыры ештеңе табылмаған. Артынша 8-сыныптың екі оқушысы сабақты болдырмау үшін осындай әрекетке барғаны анықталған. Оқушылар жалған хабарлама таратқанын мойындаған. Енді осы үшін олардың ата-анасы жауапқа тартылып, 17 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал өткен жылы облыс аумағында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшiн 2 қылмыстық iс қозғалды. Бір жағдайда Түркістан қаласының тұрғыны терроризмге байланысты тыйым салынған ақпараттарды таратқаны үшін құрықталып, ҚР ҚК-нің 256-бабы 2-бөлігімен (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу басталып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, шілде айында шетелдік бір азамат терроризмге байланысты үгін-насихат жүргізгені үшін ұсталып отыр, - дейді ол.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері радикалды діни идеяларды жақтайтын таяу шетел азаматын ұстады. Күдікті әлеуметтік желілерде халықаралық лаңкестік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктіден заттай айғақ болатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. 

 Осы ретте Түркістан облыстық полиция департаментi мен Түркістан қалалық полиция басқармасы азаматтарға жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын және анонимді қоңырау шалып жалған хабар берген адамның тез арада анықталатынын ескертедi.

Қорыта айтқанда, жалған ақпарат тарату адамға абырой әпермейтін тірлік. Қазақтың «Өтірік өрге баспайды» деген нақылы еске оралып отыр. Яғни, кім, қандай жағдайда ақпарат таратса да оның түбінде ашылары сөзсіз. Ойымызды түйіндер болсақ, елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратпай бір- бірімізге тілеулес болып жүргенге не жетсін?!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер