Түркістанға жаңа әкім тағайындалды

Туркестан аким.jpgТүркістан қаласы әкімдігінде ауыс-түйіс болды. Облыс әкімінің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Түркістан қаласыныңы әкімі болып  Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды. Қалалық мәслихаттың депутаттары облыс басшысы ұсынған кандидатураны қолдады. 

Бұған дейін Түркістан қаласының әкімі лауазымын Нұрбол Тұрашбеков  атқарған болатын. Н.Тұрашбеков бұл қызметке 2021 жылдың маусымында келген. Бұған дейін Түлкібас пен Ордабасы ауданlдарына әкім болып, іскерлігімен елдің сый-құрметіне бөленген Тұрашбеков  Түркістанды дамыту мен түлетуде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Осы үш жылда қалада көптеген нысандар пайдалануға берілді. Түркістан тотыдай түрленген әсем қалаға айналды. Әкім тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, шалғайдағы елді мекендердің қордаланған проблемаларын шешуде де іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.  Жуырда өңірге ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанның бүгінгі келбетіне жоғары баға берді. Мұны Тұрашбековтың атқарған жұмысына берілген баға деп қабылдауға  болады.  Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, Тұрашбеков жақын арада лауызымды қызметке тағайындалатын көрінеді.   

Түркістанның жаңа әкімі Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және «Болашақ» университетін бітірген. Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану.

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. Еңбек жолы одан әрі елордада өріліп, бірнеше министрлікте жалғасқан. Соңғы лауазымы--Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды
  • Жол – қателікті кешірмейді
  • Студент есірткі заттарына қарсы акцияға қатысты
  • Ойын құмарлыққа көз жұма қарауға болмайды
  • Өтірік айтып ақпарат тарату оңай, бірақ жазасы ауыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер