Есірткісіз жарқын болашақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. 

Screenshot_25.jpg

Осы ретте Түркістан қаласында есірткіге қарсы күрес бағытында қарқынды түрде жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Жастар спортпен бірге салауатты өмір салтын ұстанады», «Есірткіге жол жоқ» атты ұрандармен арнайы іс-шаралар тұрақты түрде өтуде. Осындай іс-шара жастар сарайында қалалық прокуратурасы мен қалалық полиция басқармасының бірлескен бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруымен «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында форум өтті. 

Ол іс-шараға Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаев, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергенов, сондай-ақ әлем чемпионы болған Жазира Жаппарқұл мен исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын сотты болған азаматтар, қала тұрғындары қатысты. 

Форумның ашылуы адам өміріндегі ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың азабы мен өз өміріне қараңғылық әкелуі, адасуы, түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар жайында бейнеролик көрсетілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз қажет. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу және адамдардың салауатты өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес күнделікті жүргізілуде. Бұл жұмыстар әрі қарайда жалғасын табады. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», «Жарқын болашақ-жастардың қолында» деп ұлы бабаларымыз айтқандай біз жастардың дұрыс бағытта өсіп өркендеуінде аянбай қызмет етіп, қолдауымыз қажет! Өскелең жас ұрпақ яғни қоғамның қозғаушы күші жастар, бүгінде озық идеяларымен, білімділігімен еліміздің дамуында барынша үлес қосып келеді. Бүгінгі жиын нәтижелі болып, аға ұрпақтың, жас белсенділердің айтылған ой-пікірлері, тәжірибелері осында отырған мектеп оқушыларына, студенттерге өмірлік азық болады деп үміттенемін, – деді Каукен Нәрікбаев.

Есірткімен күрес бір сәтке де тоқтамақ емес. Онымен күрес елімізде тұрақты жалғасын тауып келеді. Президентіміз биылғы Жолдауында нашақорлық мәселесіне тоқтала келіп, «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл - ұлттық генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ, нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады», деп дабыл қақты. Сөйтіп онымен күресті күшейтуді жүктеді.  

Жиын барысында қалалық жергілікті полиция бөлімінің бастығы өте қажетті мағлұматтарды баяндап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз ойларын білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты. 

- Есірткісіз қоғам құру – әрбір азаматтың алдында тұрған басты міндет деп есептеймін. Қала аумағында есірткі қылмысына қарсы профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отыру қажет. Оған Сіз бен біз болып жұмысты жүйелендіріп, болашақ ұрпақ алдындағы жарқын өмір сүруіне қауіптің алдын алуымыз керек. Аталған мәселемен әр бір ата-ана, әр бір ұстаз, әр бір азамат күресіуі тиіс. Мемлекет басшысы атап өткен дейсинтетикалық есірткінің өндірісі мен таралуына қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс.Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешімін табатын болады. Ендеше, осы форумда айтылған ойлар, ұсыныстар ғасыр дертімен күресте өз септігін тигізеді деген сенімдемін, - деді қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергенов.

Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар, сондай-ақ  сала мамандары қажетті мағлұматтарды баяндап, профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік жолдарында кездескен түрлі ойларымен бөлісті. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған нашақорлыққа тосқауыл қою, есірткіге қатысты қылмыстарды болдырмау, алдын алу бойынша пікір ақпараттар айтылды. 

Жиын соңында шараға қатысушылар ұйымдастырылған форумның маңыздылығына тоқталып, елдің жарқын болашағы жастарды нашақорлықтан сақтануға, есірткіге қарсы қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға аға буынның атқарар жұмысы аса маңызды екені айтылды. Бұл бойынша жұмыстар күшейтіліп, тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды
  • Жол – қателікті кешірмейді
  • Студент есірткі заттарына қарсы акцияға қатысты
  • Ойын құмарлыққа көз жұма қарауға болмайды
  • Өтірік айтып ақпарат тарату оңай, бірақ жазасы ауыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер