Жол-көлік оқиғаларының алдын алу маңызды

Түркістан облысы көлемінде жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68 пайызға өскен. Жол-көлік оқиғаларында қаза болғандардың саны 16 пайызға төмендеген.

Screenshot_26.jpg

Жалпы Түркістан қалалық прокуратура және қалалық полиция басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиынға ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Мүсіров, жергілікті полиция бөлімінің басшысы мен жеке құрамы, потрульдік полиция бөлімі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Жиында жол көлік оқиғаларының алдын алу мен оған қатысты атқарылу керек шаралар кеңінен талқыланды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Мүсіровтың айтуынша, Түркістан облысында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 7 пайызға азайған. Ауыр қылмыстар 15,3 пайызға азайған, аса ауыр қылмыстар 9,6 пайзға өскен. Ұрлық 38,4 пайызға кеміген, тонау – 26,1 пайызға, мал ұрлығы – 46,1 пайызға, бұзақылық – 25,7 пайызға, интернет алаяқтық – 5,3 пайызға төмендеген, ал жол-көлік оқиғалары 68 пайызға өскен.

- Түркістан қаласында жол ережесін қатаң сақтау туралы қалалық газет пен теледидардан, көше банерлерінде жол ережесін сақтау бойынша қала тұрғындарына Үндеу жарияланды. Одан бөлек, күнделікті инфобаннерлер тұрақты жарияланып тұрады. Аптасына жол көлік оқиғасы жайында арнайы видеороликтер жариялау қолға алынды. Қазір қалаға келіп-кететін барлық жолаушыларға ескерту ретінде ішкі саясат бөлімінің бастамасымен «Жол ержесін сақтаңыз», «Жол қателікті кешірмейді», «Қарсы бағытқа шықпаңыз», «Үйде отбасыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз» деген тақырыптарда 13 баннер үлкен жолдың бойына ілінді. Тамыз айында қала әкімдігі, қала пркуратурасы және қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, жол көлік оқиғасының алдын-алу шарасы бойынша көлік жүргізушілерге жол ержесін сақтау туралы үнпарақтар таратылды,- қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әдрахман Тоқбергенов бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында алдағы күнге нақты жұмыс жоспары түзілгенін атап өтті.  

Сондай-ақ Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаев соңғы уақытта қала көлемінде жол-көлік оқиғасының жиі орын алып отырғанын тілге тиек етті. Жол апатының алдын алу мақсатында атқарылу керек жұмыстарды саралап, тарқата баяндады.  Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Әдрахман Тоқбергенов соңғы уақытта орын алған жол апаттарының себептері мен салдарын нақтылай түсті.

Күн тәртібінде қаралған мәселенің өзектілігіне айрықша тоқталған қала әкімі Әзімбек Нәлібаев «Соңғы уақыттарда жол көлік оқиғасы қаламызда жиі тіркелуі өкінішті жағдай. Көлік тізгіндеген азаматтарға, жастарға жол-көлік оқиғасы туралы, оның салдары мен алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек. Ол үшін алдымен қалаға қарасты ауылдық округ әкімдері мен жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері тығыз байланыста болуды ескертемін. Оқиғаның салдары орын алмас бұрын оның алдын алумен айналысу қажет», - деген қала басшысы ең алдымен бейнебақылау камерасының санын арттыруды қолға алды.  Күре жолдарға шуылдақты жолақтар сызу қажеттігін айтып, жауаптыларға бұл бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ айып тұрақты талаптарға сай жабдықтау ісін де осы сәттен қолға алуды тапсырды. 

Қала прокуроры Каукен Нәрікбаев өз сөзінде қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары, оның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отырғанын айтып өтті. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайтынын және қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болатынын алға тартты. Оның алдын алу бағыты бойынша ұтымды ұсыныстар айтып, қалалық жергілікті полиция бөліміне жол ережесін сақтау талаптары бойынша тиісті шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер