Заңды сақтау әрбір азаматтың борышы

Түркістан қаласында полиция басқармасының тапсырмасымен қала көшелерінде және басқа  да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

Screenshot_37.jpg

Рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 150 дергегі  және жалпы ортақ пайдаланылатынорындарды ластаудың 100-ден аса дерегі анықталды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеген 700-ге жуық жүргізушіге ескерту берілген. 

Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметовтың айтуынша, Түркістан қаласында жаяу жүргіншілерді өткізбеген көлік жүргізушілеріне қатысты және жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қатысты жүздеген хаттама толтырылған. 

- Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында заң мен тәртіпке басымдық берген болатын. Заң қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуының кепілі. Бүгінде Қазақстан Республикасы өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына көтерілуде. Соған сай еліміздегі қоғамдық сана да өзгеріс үстінде. Әрбіріміздің санамыздағы өзгермейтін сенім мен мақсат бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігін сақтау болса керек. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының мазмұнымен үнемі санамызды жаңғыртып отыру артық болмас еді. Аталған мақалада Президентіміз «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – жеріміз, тіліміз және қоғамдағы береке- бірлігіміз...» екені туралы толғана айтқаны белгілі. Ендігі жерде ел боламыз, халқымызды өркениет жолына түсіреміз десек, сол Президент атап көрсеткен «мәңгілік мәселелерге» жалаң эмоция арқылы қарау емес, заңды жолдармен келу, сақтау, тіпті қажет тұсында жанымызды сала қорғау керек болады. Иә, елдігімізді таныту мен сақтау үшін әрбірімізге отаншылдық сезімдерге қоса ең әуелі құқықтық білім мен өркениеттілік жолына түсудің ең ұтымды жолдарын меңгеру қажет, - дейді Алмас Келдібекұлы. 

Есте болса, 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру кезінде маңызды болып табылатын конституциялық, саяси қайта құруларға бастама берген референдум өтті. Бұл референдум Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші референдум болды. Жалпы, еліміздің қолданыстағы негізгі заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Оны қабылдаудың алдында қазақстандықтардың Конституция жобасын кеңінен талқылауы болды. Конституцияның қазіргі нұсқасын қабылдау үшін көптеген шетелдердің тәжірибесі зерттелді. Әрине, өткен уақыт ішінде Негізгі Заңға түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі шындық, Конституцияға жаһандық өзгерістерсіз мүмкін болмады, өйткені бәрі Конституцияға байланысты және ол уақыт талаптарына сәйкес келуі керек. 

Алдыңғы жылы референдум 5 маусымда өтті және оған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шығарылды. Референдумға дейін ел азаматтары ұсынылған түзетулерді талқылап, «Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген дауыс беру барысында жарияланған сауалнамаға референдумға келгендердің әрқайсысы нақты жауап берді. Жалпыхалықтық референдум өткізілгеннен кейін де еліміздің Негізгі заңына енген түзетулер күшіне енді. Референдумнан кейін саяси, сайлау процестерінің динамикасы мен мазмұнына қатысты түзетулер жасалды. Электораттың саяси белсенділігіне партияны тіркеу шегінің төмендеуі, Президенттің барлық партиялардан тең қашықтығы әсер етеді. Бұл дегеніміз, жоғары бәсекелестік және таңдаудың кең мүмкіндігінің болуына байланысты заңға өзгеріс енгізуге ниеттестердің көп екенін де білдіреді. 

Маңызды және уақтылы түзетулердің бірі – құқық қорғау саласына әсер ететіндер болып саналады. Азаматтардың өз құқықтарын қорғауға көбірек мүмкіндіктері болатыны және парасаттылық жағынан өсулері де ерекше назар аудартады. Бұл туралы Конституциялық сот құру, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту, өлім жазасына толық тыйым салу туралы мәселелер қарастырылады. Ел Конституциясы барлық тең құқықтар мен мүмкіндіктер береді. Бірақ, азаматтар жауапкершілікті, адал орындалуы тиіс міндеттерді ұмытпауы керек. 

- Заң үстемдігінің, адам құқықтарының сақталуының, әрбір қазақстандықтың жауапкершілікті, елдегі бейбітшілік пен келісімді дұрыс түсінуінің нәтижесінде ғана біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған барлық міндеттерін жүзеге асыра аламыз, «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз. Олай болса, қолданыстағы заңдарды білу, сақтау еліміздің азаматтарының басты борышы, құқықтық міндеті. Солай еткенде ғана азаматтардың бүгінгі құқығын қорғап, ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпай өркениетті ел боламыз. Ал біз жоғарыда айтқан қоғамдық тәртіп туралы айтар болсақ, жол қозғалысы кезінде артықшылықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жол бермегені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК 36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделгенін атап өту қажет. Қайта бұзушылық орын алған жағдай 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған 4 көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру бойынша емтихан тапсыруға жіберілді, - дейді Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды
  • Жол – қателікті кешірмейді
  • Студент есірткі заттарына қарсы акцияға қатысты
  • Ойын құмарлыққа көз жұма қарауға болмайды
  • Өтірік айтып ақпарат тарату оңай, бірақ жазасы ауыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер