Түркістан қаласында үйінен кеткен барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды

Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үйден кету жағдайы көбеймесе азаймай тұр. Атап айтсақ, жыл басынан бері Түркістан қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үйден кетуінің оннан аса дерегі тіркелді. 

Screenshot_39.jpg

Жасөспірімдердің барлығы да уақтылы табылып, үйлеріне қайтарылды.

Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметовтың айтуынша, балалар нақты мекенжайды  білмей, автобуспен жүріп немесе үйден ұзап бара жатқанда адасып кету, кездейсоқ кету жағдайы сирек кездесуде. 

- Статистикалық талдау нәтижелері көрсеткендей, жасөспірімдердің өз бетінше үйден кетуінің негізгі себептері – отбасындағы жанжал жағдайлары, ата-аналардың жұмыс бастылығы, нәтижесінде балалардың бос уақыты мен байланыс ортасына қатысты бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген әуестік, отбасындағы қолайсыздық және жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы, өзін құрметтеуіне, төтенше, кейде қауіпті жолдармен танылуға және бақылаудан шығуға деген ұмтылысы. Мәселен, 17 жастағы жасөспірім шкафтағы заттарды ақтарып жүріп, әжесінің жасырған ақшасын тауып алып, оған ұялы телефон сатып алған. Мұны білген әжесі  немересіне  ұрсады, ал ол ренжіп үйден жасырын кетіп қалады. Полиция жасөспірімді таңертең үйден 35 шақырым жерден тапқан, - дейді Алмас Мырзахметов.

 Ал 13 жасар бала ата-анасымен сабақтан төмен баға алғаны үшін ұрысып, ешбір ескертпестен, досының үйіне қонады. Осыған қатысты ата-аналармен және кәмелетке толмаған жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

«Осыдан екі ай бұрын Түркістан қалалық полиция басқармасына кешкі сағат 19:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып, содан хабарсыз кеткен. 13 жастағы жасөспірім қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, туыстарынан сұрастырды. Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Тексеру барысында жас қыз анасына телефон алып бермегені үшін ренжіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды. Жас қыз аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге анасы алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді», дейді полиция өкілі.

Бүгінгі күні жыл басынан үйінен кеткен барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды. Балаларға қатысты не олардың қатысуымен жасалған қандай да бір қылмыс жасау фактілері оларды іздестіру кезеңінде тіркелмеген. Барлық балаларды іздеуге тек полиция қызметкерлері ғана емес, еріктілер мен осыған бей-жай қарамайтын  белсенді азаматтар да қатысқан. 

- Балаларыңызға мұқият және абай болыңыздар, олардың мәселелерін бірлесіп шешіңіздер, балаңыздың әуестіктері  мен бос уақытына қызығушылық таныту маңызды. Егер бала үйден өз еркімен кетіп қалса, онда сіз оның барлық таныстары мен достарына кідіртпей  қоңырау шалуыңыз қажет. Оның қандай  киіммен кеткенін және өзімен бірге не алғанын анықтауға тырысыңыз. 

Егер сіз баланың үйден саналы түрде кетуінің белгілерін көрмесеңіз де, шұғыл түрде полицияға хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге кәмелетке толмаған жасөспірімнің  құжаттары мен фотосуреттері болуы қажет, сондай-ақ   кетуіне  себеп болған мән-жағдайларды анықтап, полицияға жүгінген жағдайда көрсетуге тырысыңыз , - дейді Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Алмас Мырзахметов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер