Ордабасы: Темірланда ақыл-ой бәсекесі – шахмат байқауы ұйымдастырылды

Ауданның құрылнанына 60 жыл толуына орай аудан орталығы Темірланда «Intellectualdy ult» жалпы ұлттық жобасы аясында «Зияткер ұрпақ – ұлт болашағы» атты шахмат сайысы ұйымдастырылды.

Screenshot_2.jpg

Ақыл-ой бәсекесінің ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жоба авторына ризашылығын білдірді.

«Интеллектуалды ұлт» жалпы ұлттық жобасы аясында бұл сайыс жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде мектептерімізде шахмат үйірмелері жасақталып, онда машықтанған жасөспірімдер түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жаруда. Өскелең ұрпақты ақыл-ой додасына баулитын жоба өміршең болсын. Жоба авторына алғыс білдіремін», деді аудан әкімі өз құттықтауында. 

Screenshot_1.jpg

Сондай-ақ аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының авторы Балтабек Түйетаевты 60 жылдық мерекелік медалмен марапаттады және «ОРДАБАСЫ КИЕЛІ МЕКЕН» атты кітапты табыс етті.

Screenshot_3.jpg

Жарыстың ашылу рәсімінде «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының авторы және «Шахмат әліппесі» кітабының құрастырушысы Балтабек Түйетаев жарыстың ережесін түсіндіріп, жобаға қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтты.

Ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған шахмат жарысына аудан тұрғындары мен барлық мектеп оқушылары шахмат сүйер жасөспірімдері қатысты.

Screenshot_4.jpg

Жарыстың  мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Темірланда ақыл-ой бәсекесі – шахмат байқауы ұйымдастырылды
  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер