Түркістанда көлік апатынан 6 адам қаза тапты

image.png

Кентау – Түркістан тас жолында жол апаты орын алды. Салдарынан  6 адам қазауып соқтығысқан көлік өртке оранды. Қазіргі таңда оқиғаның мән ажайы анықталып жатыр.  

Адам өмірін жалмаған жол апаты Кентау-Түркістан тас жолының 5-ші шақырымында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ауди маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, екінші Ауди көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 4-еуі түрлі дене жарақатымен Кентау қаласындағы аурухананың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осының нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.

"Кентау Түркістан тас жолының 5-ші шақырымында екі ауди автокөлігі соқысып қайғылы жағдай орын алды.Нәтижесінде 6 адам орнында  қайтыс болып, 4 адам ауруханаға жеткізілді",- дейді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ерекше жандар елеусіз қалмауы керек
  • Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда
  • Қала әкімі Сауран секторының тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер