"Ақ бикеш" тарихи көрінісін сақтап тұр - министрлік өкілі

image.png

Түркістан облысы Созақ ауданындағы  бір бөлігі опырылып қалған "Ақ бикеш" мұнарасын арнайы көруге  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева келді. Арнайы қүрылған  комиссия мүшелері тарихи нысанның ендігі тағдыры туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Rgmedia.kz тілшісі. 

"Ең маңыздысы – бұзылған мұнараның өзі емес, қайта қалпына келтіру кезінде қолданылған материалдар. Қазіргі таңда тарихи көрінісін сақтап тұр. Егер қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданса, ғылыми-реставрациялық жұмыстар тиісті лицензиясы, біліктілігі және тәжірибесі бар ұйыммен орындалады. ҚР Заңнамасына сәйкес, ескерткіш тек толық физикалық жойылған жағдайда ғана тарихи-мәдени құндылық мәртебесінен айырылады. Осыған байланысты, «Ақбикеш» мұнарасы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін сақтап қалады", – деді Жанат Сейдалықызы.

Ал, «Қазқайтажаңарту» РМК директоры Алмас Абдиевтің сөзіне сүйенсек, тарихи ескерткішті жөндеу жұмыстары алдын ала дайындалған ғылыми-жобалық құжаттамаға сәйкес орындалған. Соған сай сапалы материалдар пайдаланылған. 

"2020 жылға дейін мұнараның сақталу деңгейі 5-6 метр биіктікте болған. Ғылыми-реставрациялық жұмыстар күннің суығында жүргізілгендіктен, ауа райының қолайсыздығы жаңа және бұрынғы материалдардың бірігу процесіне кері әсерін тигізді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары (реконструкция) бойынша шешім мамандардың пікірін ескере отырып қабылданады", – деді Алмас Абдиев.

Тарихи нысан Ақсүмбе ауылынан батысқа қарай 1 шақырым жерде биік жота басында орналасқан. 2019 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. Мұнараға 2020 жылы алғаш рет республикалық бюджет есебінен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазқайтажаңарту» РМК-сі тарапынан ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта көтерме дистрибьюторлық орталық ашылуы мүмкін
  • Қазығұртта 40 отбасы баспаналы болды
  • Сайрамда инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда
  • Жандос Тасов: Қаламызда интернет алаяқтарға алданған тұрғындар азаймай тұр
  • "Ақ бикеш" тарихи көрінісін сақтап тұр - министрлік өкілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер